457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда 212 мың шетелдік тұрақты тұрып жатыр

2025 жылдың алғашқы 6 айында Қазақстанға 7,5 миллион шетел азаматы келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 600 мың адамға артық. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Осы кезеңде елден кеткен шетел азаматтарының саны 7,2 миллион болды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 212 мың шетелдік тұрақты тұрып жатыр», – деді Әленов.

Тұрақты тұрып жатқан шетелдіктердің басым бөлігі мына аймақтарда шоғырланған:

  • Алматы қаласында – 42 мың адам
  • Алматы облысында – 32 мың
  • Астана мен Қарағанды облысында – 17 мыңнан астам

Бұл көрсеткіш соңғы үш жыл ішінде 42 пайызға артқан.

Сонымен қатар, Қазақстанда уақытша тұрып жатқан шетел азаматтарының саны – 430 мың. Оның ішінде:

  • 360 мың адам – еңбек ету мақсатында
  • 17 мың – отбасымен қосылу үшін
  • 8 мың – білім алу мақсатында
  • 44 мың – туризм, жеке істер және өзге де себептермен келген.

Бауыржан Әленовтың айтуынша, елге келген шетел азаматтарының 90 пайызы – Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінен. Бұл көрші мемлекеттермен тығыз шекаралық байланыс, еңбек нарығындағы сұраныс және көлік-логистика инфрақұрылымымен түсіндіріледі.

«Көші-қон қызметінің мәліметінше, келген шетелдіктердің 97 пайызы көші-қон заңнамасын сақтайды. Дегенмен заң бұзғандар да бар. 2025 жылы 200 мыңнан астам шетел азаматы түрлі құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылды», – деді министрдің орынбасары.

Фото: gov.kz