Отандық вирусология ғылымына қолдау көрсетіледі

  • 25.03.2020
  • Malim Админ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде вирусология саласындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық стандарттарға сай келетін биофармацевтикалық зауыт құрылысына ақша бөлу жөнінде тапсырма берді. Бұл әсіресе жақында коронавирусты анықтайтын тест жүйесін жасап шығарған елдегі вирусолог ғалымдарға үлкен қолдау болмақ.

Ұлттық биотехнология орталығындағы отандық ғалымдар ДНҚ жасанды синтез жолымен жолымен әзірленген және жұқпалы коронавирус ауруының жаңа түрін жылдам анықтауға мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция негізінде тест жүйесін жасап шығарған. Ресей және Қытай ғалымдары бұл тест жүйесінің жоғары сезімталдығын растады. Яғни отандық ғалымдардың тест жүйесі шетелдік диагностикалық тестерден еш кем емес.

Ұлттық биотехнология орталығына барған президент Тоқаев отандық ғалымдардың тест жүйесімен танысты. Мемлекет басшысы биолог ғалымдардың еңбегін жоғары бағалап, отандық вирусология ғылымына көңіл бөліп, зерттеулерді қолдау маңызды екенін айтып өтті.

– Бұл –  Қазақстандағы бірегей зертхана. Отандық ғалымдардың ғылыми жұмыстарына зор үміт артамыз. Барлық қажет көмек беріледі. Вирус пен оның таралуы биологиялық лабораториялардың, медициналық және санитарлық қызметтердің жұмысына мемлекет ерекше көңіл бөлуі тиіс екенін көрсетті, ­­– деді Қ.Тоқаев.

Ұлттық биотехнология орталығы соңғы жылдың ішінде түрлі ғылыми-технологиялық платформа негізінде 27 тест жүйесін жасап шығарды. Орталықта зерттеулер жүргізетін заманауи құралдары бар 15 ғылыми зертхана жұмыс істейді. Отандық ғалымдар бұған дейін ле қысқа мерзім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына және нодулярлы дерматит пен бруцеллезге қарсы вакциналар әзірлеген. Ұлттық биотехнология орталығы жасап шығарған кей вакциналар шетелге шығарылған. Ұлттық биотехнология орталығы Биологиялық қауіпсідік жөніндегі ұлттық ғылыми зерттеу институтымен бірігіп 67 вакцина мен диагностикалық тест жүйелерін әзірлеудің технологиясы жолға қойылды, орталық жыл сайын түрлі вакцинаның 27 миллион данасын шығарады. Тіпті шетелге де жібереді екен.

Ұлттық биотехнология орталығындағы ғалымдар коронавирусты анықтайтын тест жүйесін бір аптаның ішінде жасап шығарды. Диагностикалық тест жүйесін зерттеуді білім және ғылым министрлігі қаржыландырып, қолдау көрсеткен.

Қазақстандық ғалымдардың коронавирусқа қарсы тест жүйесін сынақтан өткізген ресейлік ғалымдар оның тиімділігіне көз жеткізіпті. Ресей ғылым зерттеу институтындағы тәжірибелік медицина лабоаториясының меңгерушісі Александр Алексеевтің айтуынша, қазақстандық ғалымдардың диагностикалық тест жүйесі туралы былай дейді: "Біз бұл тест құс, доңыз бен адамға жұғатын коронавирусты қалай анықтайтынын тексердік. Тест жүйесі қазақ ғалымдары айтқандай, SARS-CoV-2 коронавирусын анықтай алады", ­– дейді А.Алексеев.

Осы себепті отандық вирусолог ғалымдар өздеріне мемлекет қолдау көрсетсе, ешбір елден кем түсейтін диагностикалық тест жүйесін өндіруді жолға қоямыз деп бекініп отыр. Ұлттық биотехнология орталығының потенциалын өз көзімен көрген мемлекет басшысы Тоқаев вирусология саласындағы ғылыми зерттеулерге қаржы бөлінетінін қадап айтты. Олай болса отандық вирусолог ғалымдар ойлап тапқан тест пен вакциналар өндірісі көп ұзамай жолға қойылмақ.

Байланысты жаналықтар

Кері кету: Қазақтар неге салт-дәстүрге құмар?

20.05.2020

Министр оқулық жеткізу мәселесін шешпек

11.02.2020

Педагог мәртебесі карантинде қалай қорғалып жатыр?

25.04.2020

Диссертация мен ғылыми басылымдар – ғылымның айнасы

23.05.2020

Қырғыздар Франция президентіне қарсы шықты

30.10.2020

Түймебаев бәрібір ректор болды

10.02.2021