Саналы қоғам қиын кезде иық тіреседі

  • 30.03.2020
  • Malim Админ

Дүниежүзін дүр сілкінткен коронавирус үкіметпен қатар азаматтық қоғамның қажыр мен жігеріне сынақ. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың да ынтымақтастығы сыналатын шақ.

16 наурыз күнгі үндеуінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ барлық ел азаматтарының өкілетті органдарға жәрдемдесетініне сенім білдірген болатын.

«Құрметті Отандастар! Біз – тарихымызда небір қиындықты бастан өткерген халықпыз. Сол сынақтардан, ең алдымен, береке-бірліктің арқасында сүрінбей өттік. Бүкіл халықты жұдырықтай жұмылуға, сабыр сақтауға шақырамын. Бұл күрделі жағдайды біріміз бірге еңсереміз деп сенемін!», - деген еді президент Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ.

Мемлекет басшысының үндеуіне орай «Біз біргеміз» республикалық акциясына Қазақстан халқы Ассамблеясы да үн қатып, мұқтаж жандарға 4 миллион теңгеге жуық қаражатқа материалдық көмек көрсеткен.

«Мен көпбалалы анамын. Күйеуіміз екеуіміз алты баланы тәрбиелеп отырмыз. Жолдасым карантинге дейін жүргізуші болып қызмет етті. Қазір жұмыссыз. Менің балалар тәбиесімен үйде отырғаным түсінікті. Керек-жарағымызды үйге әкеп берді. Үйде шиіттей балалар бар. Тысқа азық-түлік алуға баруға именесің», - дейді МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне телефон арқылы астаналық көпбалалы ана Еркежан СМАИЛОВА.

Нұр-Сұлтан қалалақ Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ондаған көпбалалы отбасыға 150 мың теңгеден жәрдем көрсеткен. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығымен бірлесіп санитарлық жұмыстарға көмек көрсеткен.

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы мүшелері қала тұрғындарына бес мың медициналық масканы тегін таратқан-ды.

«Қазір бұл әндеттен әлем халқы әбігерге түсіп жатыр. Ырыс алды ынтымақ дейді қазақ атамыз. Ынтымақтығымыз амандықтың кепілі болмақ. Кейбір дәріханалар медициналық маскалардың бағасын көтеіп жатыр. Өз басым өткенде отбасыма әрең тапты. Осындай маска тарату акциялар жиі болып тұрса дейміз. Қазір ең бірінші кезекте қауіпсіздік қой», - дейді алматылық Ербол АЛПЫСБАЕВ МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне телефон арқылы.

Павлодар облысындағы «Возраждение» атты облыстық немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігі қарияларға аптасына екі-үш рет түскі ыстық тамақ ұсынып, өзге қоғамдық ұйымдардың игі ісін жалғастырды.  Саясаттанушы Ерлан САЙЫРОВ осындай қиын-қыстау кез азаматтық қоғамның дамуына және қоғамның тұтасуына да өз септігін тигізеді дейді.

«Билік 3 миллион адамға 42 500 теңгеден беріп жатыр. Жұмыс тоқтап қалған кезде бұл үлкен көмек. Нұр-Отан партиясы «Біз біргеміз» акциясы аясында 152 мың адамға 50 мың теңгеден бермек. Сондай-ақ, 5 миллион медициналық маска Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында таратылды. Бұл енді өзекті көмектер. Басқа да саяси партиялардың көмектесіп жатыр. Әрине бәрі жария ете бермеуі ықтимал. Әлеуметтік желіден байқағаным жекелеген азаматтар мұқтаж жандарды анықтап, көмек қолдарын беріп жатыр. Мысалы Алматыда жігіттер жиналып әр отбасыға 20 мың теңгеден беріп жатыр. Пандемия кезінде саналы қоғам иық тіресуге сүйенеді. Ынтымақ пен ынсапты бойға сіңіруіміз қажет. Өз басым азаматтық қоғамның белсенділігін көріп отырмын», - дейді саясаттанушы Ерлан Сайыров МӘЛІМ КЗ сайтының тілсіне берген сұхбатында.

Қазақстан халқы Ассамблеясы бастаған бұл шарадан Қарағанды, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола облыстары мен Шымкент және Семей қалаларын да сырт қалмады.

Соңғы ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 629 адам коронавирусты жұқтырса, 45-і сауығып шықты. Алты адам дүние салды.

Фото: vlast.kz

Бақытжан БЕРІКҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Ақмәди Сарбасов «42 500 теңге» төлемін тағайындау жайын қорытындылады

26.05.2020

Тоқаев Цойға ескерту жасады

01.04.2021

Ұлттық қордың ақшасы дұрыс жұмсалып жатыр ма?

22.04.2020

Өскемендіктер коронатест кезегіне таласып жатыр

02.11.2020

«Қазір кәсіпкерлер волонтерларды өздері іздейді»

17.07.2020

Карантин: Алматыда түнгі клуб қайнап тұр (видео)

04.08.2020