«Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ»

Malim Админ

  • 13.04.2020

Экс-президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ інісі кәсіпкер Болат НАЗАРБАЕВТЫҢ жуырда AINA TV Youtube арнасына берген сұхбаты жарияланды. Болат ӘБІШҰЛЫ отыз жыл мемлекет басшысы болған ағасынан қызмет сұрамағанын және ауыртпалық түсірмегенін айтады.

«Өмірдің қиындығы болды. Бәрі ойлайды. Және үлкен ағасы көмектесіп жатыр деп айтады. Мен айтайын. Бұл сөзімді үлкен кісі де еститін шығар. Мен ол кісіден (Нұрсұлтан Назарбаевтан) осы уақытқа дейін бір қызмет сұрап көргенім жоқ. Мен ана жерде жұмыс істегім келеді деп. Басы жұмыс істесе, фамилия да жетеді дейді ғой. Ағама ауыртпалық түсіргенім жоқ», - деді Болат Назарбаев.

Сұхбатты журналист, асаба Гүлмира НӘЛІБАЙ алған. Әңгіме барысында Болат Назарбаев ағасы екеуі арасындағы қарым-қатынас жайлы да айтып берді.

«Ол кісі маған әкедей болып кетті ғой. Үйге қоңырау шалғанда орнымнан тұрып кетем. Ары-бері жүріп кетем. Бір орында тұрып сөйлесе алмаймын. Бұл қорыққандық емес, сыйласымдық. Сағынған кезде бара саламын», - деді Болат Назарбаев.

Сонымен қатар, кәсіпкердің жеке өмірі де сөз болды.

«Жан жарым Гүлжан екеуіміз 1974 жылы үйлендік. Екі қыз, бір ұл өсірдік. Отбасын құрағанымызға елу жылдай болып қалды. Бір-бірімізді көзқарасымыздан, қабағымызды түсінеміз. Әйелің анаң сияқты болып кетеді екен. Оған еркелейсің. Мен осы уақытқа дейін Гүлжандай адамды кездестіргенім жоқ. Бетіме қарап бірауыз сөз айтқан емес. Бастысы, аман болшы дейді», - деп сөзін түйіндеді Болат Назарбаев.

Ашық  дерек көздерде Болат Назарбаевтың байлығы 15 млрд долларды құрайды деп жазылған. Алматы мен Алматы облысындағы көптеген ірі базарлардың қожайыны.

Фотолар ғаламтордан алынған. 

Байланысты жаналықтар

"Кедей елдің мұғалімі" не үшін кешірім сұрады?

09.04.2020

Ақыл аға

13.02.2020

Олимпиада 2021 жылы өтетін болды

24.03.2020

Назарбаевты сомдаған актер лауазымды қызметке тағайындалды

19.03.2021

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА

17.03.2020

Жол сорабындағы үй

15.04.2020
MalimBlocks
"Кедей елдің мұғалімі" не үшін кешірім сұрады?

Ақыл аға

Олимпиада 2021 жылы өтетін болды

Назарбаевты сомдаған актер лауазымды қызметке тағайындалды

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА

Жол сорабындағы үй