457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаева елордадағы Президент істері басқармасының Медициналық орталығына қарасты Ұлттық госпитальда (бұрынғы «Совминка») ем қабылдауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Пациент ем қабылдау курсынан өтіп жатыр. Барлық медициналық шаралар бекітілген стандарттарға сай, білікті мамандардың бақылауымен жүргізілуде», – делінген мекеме таратқан ресми хабарламада.

Госпиталь өкілдері Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 273-бабына сәйкес, пациенттің диагнозы мен денсаулық жағдайы дәрігерлік құпияға жататынын еске салды.

«Ақпаратты жария етпеу туралы шешім тек пациенттің жеке өміріне құрмет көрсету, оның құқығын қорғау және емдеу процесіне сырттан араласуға жол бермеу мақсатында қабылданды. Медициналық этика нормаларын құрметтегендеріңіз үшін алғыс айтамыз», – деп мәлімдеді Ұлттық госпиталь.

Еске сала кетейік, мамыр айында әлеуметтік желілерде Сара Назарбаеваның қазасы туралы жалған ақпарат тараған еді. Онда оның ӨЖЖ (ИВЛ) аппаратына қосылғаны және дәрігерлердің оны ажырату туралы шешім қабылдағаны жазылған болатын. Бұл ақпарат ресми түрде расталмаған.

Фото: facebook.com/bobek.samopoznanie