Қызылордада нарызылық қызып тұр

Malim Админ

  • 15.04.2020

«Сыр елінің полицейлері шаш ал десе, бас алады.» Қызылорда қаласының көлік жүргізушілері осылай деп шулап жатыр. "Қала көшелерінде себеппен көлік айдап жүрген жерімізде жол полициясы себепсіз автокөлігімізді тартып алып, айып тұрағына қамап тастады" дейді тұрғындар. Шағымданғандардың айтуынша,  сақшылар бірін дәріханаға бара жатқан тұста, ал бірін үй алдында тұрған жерден "карантин тәртібін бұзды" деп алып кетіпті.

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы алдына жиырмадан аса жүргізуші жиналды. Енді олар қалалық ішкі істер басқармасының алдында онлайн соттың шешімін күтіп жүр. Жиналғандар тәртіп сақшыларының  автокөліктерін қамағандарына наразы.

«Бұл полицейлер бізді алдап соқты. -Шамалыдан кейін жібереміз, жәй ескертеміз,- деп еді. Екі күн болды машинаны қамап қойды, сотаттамыз,- дейді. Мен өз басым №50 аптекаға дәрі алуға келіп, машинаны қойғаным сол еді. Мені подполковник Оспанов Марат деген келіп  қамады», -дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Серік ЖӘДІГЕРОВ.

Жұмыс орындары тоқтап, ақшадан қиналып жатқанда айыппұл қалтаға ауыр тиіп жатыр дейді наразы жұрт.

«Мен үй жағымда машинаның ішінде отырғанымда алып кетті. "Не үшін?"-деп едім, "коронавирусқа байланысты түнде жүруге болмайды",-  деді. Ол әлі күшіне енген жоқ дегеніме қарамады», - деді тағы бір қала тұрғыны Сағындық НАЗАРОВ.

Полиция департаменті бұл мәселеге қатысты МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісіне хат түрінде жауап берді. Олар заң аясында карантин режимін бұзғандардың ісін сотқа жібердік дейді. Алайда  хатта тұрғындардың тәртіпті тәрк етпесек те жол сақшылары көлігімізді алып кетті деген шағымдарына жауап болмады.

«Қазіргі таңда, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 9-бөлігімен 60 құқық бұзушылық анықталып, іс сотқа жолданды. Бүгінгі таңда оның 28-і сотпен онлайн режимде қаралып, сот шешімімен 9-на ескерту, 17-не 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», - делінген Қызылорда облысы полиция департаментінің ресми жауабында.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары соңғы тәулікпен қосқанда Қызылорда облысында карантин талаптарын орындамаған 136 тұрғынға хаттама толтырған.

Фотолар автордікі.

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

Байланысты жаналықтар

Сапарбаев сатып алған масканы інісі неге кимейді?

19.03.2020

Полиция белсенділерді Қытай консулдығына жібермеді

15.03.2021

Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады

27.08.2020

Қазақстанда ішкі әскер саны көбейеді

02.03.2020

Журналист полицияның жарақаттағанын мәлімдеді

26.10.2020

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы

28.02.2020
MalimBlocks
Сапарбаев сатып алған масканы інісі неге кимейді?

Полиция белсенділерді Қытай консулдығына жібермеді

Ата-аналардың өтінішімен 1-4 сынып оқушылары мектепке барады

Қазақстанда ішкі әскер саны көбейеді

Журналист полицияның жарақаттағанын мәлімдеді

Әкім Қуанышбек Ысқақов 18 миллионға кілем алмақшы