42 500-ді қайтарғың келсе – қайтар, қайтарғың келмесе – қайтарма

Malim Админ

  • 20.04.2020

Коронавирусқа қатысты жарияланған төтенше жағдай кезінде жұмысынан айрылған немесе табыссыз қалғандарға тағайындалған 42 500 теңгені қайтарғандар саны әлі белгісіз. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан НҰРЫМБЕТОВ айтты деп хабарлайды Malim.kz.

Онлай брифинг өткізген министр 42 500 теңгені кімдер қайтарады деген сұраққа да жауап берді. Бұған дейін 42 500 теңгені табысы мен жұмысы бола тұра алғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалуы мүмкін деген дақпыртқа да жауап берді.

- 42 500 теңге жұмысынан айрылып, бір тиын табыссыз қалғанда төленеді. Егер сізге жұмысыңыз жалақыңыздың жартысын төлеп жүрсе сізге ешқандай көмек көрсетілмейді. Ал енді, оны қай уаққа дейін қайтарғыңыз келсе қайтаруға болады. Оның мерзімі жоқ. Қайтару деген тәртіп те жоқ. Егер сіз қателескеніңізді көріп тұрсаңыз, жағдайыңыз келгенде қайтарыңыз, қайтарғыңыз келмесе - қайтармаңыз.

Министр бұдан бөлек жекелеген азаматтардың мәселелеріне қатысты жауап берді. Соның ең бастысы 42 500  теңгені табысы бола тұра алғандар ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Өйткені, оның табысы болды ма, болған жоқ па, сақталды ма, сақталған жоқ па, «оны ешкім тексере алмайды».

- Біз қанша адам қайтарғанын білмейміз. Қазір негізінен тағайындаумен айналысып жатырмыз. 7 млн 900 мың адамнан өтініш түсті, мұның бәрін қарау керек, сол себепті, бұл жайлы ақпарат бере алмаймыз. Сондай-ақ заңгерлер тарапынан айтылатын түрлі кеңестерге де сене беруге болмайды. Олар өздерінің ұстанымдары тұрғысында сөйлейді. Олар ренжімесін, бірақ, «заңгер екеу болса, көзқарас үшеу болады» деген бар, сондықтан олар айтқан сөздерге қарай әрекет етуге болмайды. 42 500 теңге үшін ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды», - деді карантин басталғалы елдің алдына жиі шығып, тәптіштей түсіндірумен аты шыққан министр.

Байланысты жаналықтар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА

17.03.2020

Қазақ студенттері не жеп жүр?

05.02.2020

Дәулетжан МАХМҰТ. Сырға

16.06.2021

Мұхамедиұлы карантинде енесінің қонақ үйінде той жасады

23.04.2021

Көмек күтпеңіздер: Сағынтаев бар ақшаны жұмсап жіберіпті

27.05.2020

BekAir апаты: жерді сатқан шенеунік ұсталды

20.02.2020
MalimBlocks
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЗДЕ МЕШІТТЕ ЖҰМА ЖӘНЕ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА ҚАТЫСТЫ ПӘТУА

Қазақ студенттері не жеп жүр?

Дәулетжан МАХМҰТ. Сырға

Кинозалдың есігін ептеп ашып ішке кірдім, сабақ басталып кетіпті.

Мұхамедиұлы карантинде енесінің қонақ үйінде той жасады

Көмек күтпеңіздер: Сағынтаев бар ақшаны жұмсап жіберіпті

BekAir апаты: жерді сатқан шенеунік ұсталды