Президент қолдауы: 42 500 ТЖ кезінде бұл да бір көмек

Malim Админ

  • 21.04.2020

Коронавиусқа қатысты төтенше жағдай жарияланып, үлкен қалалар карантинге жабылғалы туысына, бауырына, тіпті, өз үйіне жете алмай отырғандар аз емес. Оған жұмыссыз қалғандарды, өзге де тіршілігі тоқтап қалғандарды қосыңыз. Осындай кезде жұрттың ерекше жыр қылған бір тақырыбы – 42 500 теңге болды деуге болады.

О баста 3 миллион адамға шақталғанмен, өтініш берушілердің санының 8 миллионға жетіп жығылғанының өзі бұл тараптағы қиындықтың аз болмайтынын көрсетті. Қалай дегенде де ел бір біріне «маған 42 500 түсті» деп, хат жазысып жатты.

Шымкент карантинге жабылғанда қызының үйіне келіп, Жетісай ауданындағы ауылына жете алмай қалған Жақсыбек ӘДІЛОВ. Бұған дейін өзін өзі жұмыспен қамтып келген Жақсыбек негізгі тіршілігім азын-аулақ болса да диханшылық еді дейді.

«Бұрынырақта көлік айдағам. Бірақ, жас келіп, зейнеткерлікке жақындаған соң көп жер жұмысқа алмайды екен. Дегенмен, қарап жатар жағдай жоқ, сол диханшылықпен күн көріп жүргеміз. Енді, қырсыққанда ауылға жете алмай отырмыз ғой, Шымкентке қызымның үйіне келіп ем, жолды жауып тастады бір-ақ күнде. Осындай төтенше жағдай кезінде азын-аулақ болса да 42 500 теңге бергені тәп-тәуір көмек болды. Рахметтен басқа не айтамыз мынадай уақытта», - дейді ол.

О баста 1,5 миллион адам алады дегенмен, қазір бұл уақытша көмекті 4  миллионға жуық адам алды дейді тиісті ведомсвто. Әрине, біраз жұрт қателесіп немесе сынап өтініш жіберіп, оларға да көмек көрсетіліп, оның соңы «заңсыз алғандар жауапқа тартылады» деген дақпыртқа ұласып, жұрт үдірейсіп-ақ қалды. Дегенмен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ешкімнің жауапкершілікке тартылмайтынын айтқан соң барып, тынышталды. Тіпті, бұған дейін тауып жүрген табысыңды дәлелдеп жатпай-ақ арнайы көмекті алуға болатыны айтылған соң, көмек алушылардың саны арта түсті.

Гүлназ Пернебек – студент. Сабақтан тыс уақытта даяшы болып, қосыша ақша тауып жүрген. Басында мұндай көмек болады деп ойламағанын айтады ол. Ресми түрде жұмыс істейтіндер ғана алады деп ойлаған. Соңынан, қосымша жұмыс істеп келген студенттер де алады дегенді естіп, өтініш жіберген.

«42 500 теңге түсті. Бұл мен сияқты студентке үлкен көмек. Ризамын. Бұрын даяшы болып 3000-5000 теңге табатынмын күніне. Күніне болғанда, күнде емес қой, аптасына 1-2 рет, бос кезде. Біз сияқты студенттерге де беріледі дегенде қуанып қалдым. Мынадай қиын кезде мемлекет бізге қолынан келгенше көмектесіп жатыр ғой деп ойлаймын», - дейді Гүлназ.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды