Қиындықты бірлесіп еңсерудің жолы

Malim Админ

  • 29.04.2020

Biz Birgemiz – бүгінде бұл қиын жағдайдағы өзара қолдаудың және көмектің шынайы процесі. Мемлекет басшысының қолдауымен басталған «Biz Birgemiz» акциясы еліміз үшін күрделі кезеңде адамдардың санасындағы өзгерістерге де алып келуде. Құндылықтарды және негізгі басымдықтарды қайта бағалау жүруде. Қоғам дамуының ескі парадигмаларының орнын жаңа, кейде үйреншікті емес үдерістер алып жатыр.

Өзінің мәлімдемелерінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикадағы және әлеуметтік саладағы дағдарысқа қарсы шаралар мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау тетіктерін атап өтті. Бұл еліміздегі төтенше жағдай уақытында мемлекеттік аппараттың тәуекелдердің алдын алу жөніндегі жұмысын және қазақстандық қоғамның сұраныстары мен алаңдаушылықтарына ортақтасуға әзір екендіктерін көрсетеді.

Әлемдегі коронавирус індетінің таралу жағдайы мемлекеттердің алдына карантиндік шаралар енгізу бойынша салмақты міндеттер қойып отыр. Қайғылы статистика бүкіл әлем бойынша ауырып қалғандар санының артып отырғанын көрсетеді, бүгінгі күні 3 млн астам адам инфекция жұқтырған. Төтенше жағдай немесе карантин енгізу COVID-19 індетінің екпіндеп таралуына тосқауыл қоюға оң әсер ететін тетіктердің бірі болып отыр. Осыған байланысты экономиканы қолдау және дағдарыс салдарларын жеңілдету мәселелері де кезек күттірмес шешімдер қабылдауды талап етеді.  Карантиндік шаралар азаматтардың қаржылық және әлеуметтік әл-ауқатына өзінің теріс әсерін тигізіп отыр.

Осындай жағдайларда волонтерлік және қайырымдылық қызметтер алдыңғы қатарға шығып отыр. Әсіресе, егде жастағы адамдар, ардагерлер, көп балалы аналар, табысы аз, еңбекке жарамсыз азаматтар секілді ең мұқтаж жандарға көмек қолын созу кезек күттірмес мәселе. Халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан жақсы қасиеттері осыған шақырып отыр. Қазақтар «Бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас», - деп айтқан, сондықтан осындай күрделі кезеңде өзара көмек, қайырымдылық және әлеуметтік жағынан осал отандастарымызды қолдау – бұл, біріншіден, еліміздің беріктігін сынау, ал екіншіден, қатал қауіп-қатерді бірлесіп жеңудің жолы.

Маңызды біріктіруші құрылым болып есептелетін Қазақстан халқы ассамблеясында қайырымдылық пен өзара қолдаудың көп жылдық жинақталған тәжірибесі бар. Бүгінгі таңда #BizBirgemiz акциясы аясында ҚХА тарапынан 400 мыңға жуық қазақстандық 230 млн теңгеден астам сомаға көмек алды.

Осылайша, этномәдени бірлестіктер төрағалары, Достық үйлері, Аналар кеңесі және ҚХА-ның басқа да құрылымдық бөлімшелерінің қолдауымен еліміздің республикалық маңызы бар қалалары мен барлық өңірлерінде халыққа атаулы қолдау көрсету акциясы өткізілуде. Ассамблея волонтерлерінің штабы мен клубтары халық арасында әлеуметтік жағдайы төмен санаттардағы адамдар – егде жастағы және ерекше қажеттіліктері бар тұрғындар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, табысы аз отбасылар, өз-өзін оқшаулаған азаматтар және т.б. гуманитарлық және қайырымдылық көмекпен қамтамыз етуде. Көмек негізінен азық-түлік жиынтығы мен себетін, дәрі-дәрмек құралдарын сатып алу және жеткізу, медициналық бетперделер, алғашқы қажеттілік заттарын әзірлеу және тарату түрінде көрсетілуде.

Қазақстан халқы ассамблеясының қызметі өзінің 25 жылдық тарихында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар шеңберінде көптеген жетістіктерге және іске асырылған міндеттерге толы екенін атап өткіміз келеді. Қызмет ету саласының кеңеюіне және алға қойылған міндеттердің жүйелі түрде орындалуына қарай ҚХА жергілікті жерлердегі қоғамдық бақылау, қайырымдылық және медиация тәрізді жұмыс бағыттарын да дамытуды қолға алған.

Қазақстан халқы ассамблеясы тек 2019 жылдың өзінде 11 мыңнан астам қайырымдылық іс-шараларын өткізді, 600 мыңнан астам адамға 308 млрд теңге сома көлемінде көмек көрсетілді.

Әрине, бүгінде қазақстандық қоғамның волонтерлік қызметі Ассамблея құрылымдарының қолдауымен ғана шектелмейді. Қазіргі уақытта барлық еліміздің волонтерлері ортақ мақсатта бірігіп, ауыр өмірлік жағдайларға тап болған қазақстандықтарға көмектесіп, үлкен жұмыс атқаруда.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен ашылған республикалық Волонтерлер фронт-офисі, Ұлттық волонтерлік желі, Мейірімділер клубы, Ұлттық спорт түрлері федерациясы, Джентельмендер клубы және басқа жүздеген қоғамдық ұйымдар елімізде волонтерлік топтар құруда. Олар әр түрлі қайырымыдық қорларынан, демеушілерден түскен қаражатқа азық-түлік және алғашқы қажеттілік тауарларын сатып алады, оны санитарлық нормаларға сәйкес орап, дайындап, қажеттілігі бар үйлерге таратады. Бизнес, ірі өнеркәсіптік холдингтер, өнер өкілдері де бұл шаралардан тыс қалып жатқан жоқ. Әрқайсысы өз мүмкіндіктеріне қарай пайдаларын тигізуде.

2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялай отырып Қ.К. Тоқаев, коронавирус пандемиясына дейін-ақ «бұл игі істер уақыты» екенін атап өтті және барлық қазақстандықтарды волонтерлік қызметке белсенді қатысуға шақырды. Оның үндеуіне құлақ салып, өз отандастарына көмектесуді саналы түрде қолға алған мыңдаған азаматтарымыздың үн қосқаны бүгінгі вирустың таралуы және оның дағдарыстық салдарларының қауіп-қатері алдында көңілде үміт отын оятатын ізгі шара.

Шындығында бұл оңай емес, ал көп жағдайда тіптен қауіпті, бірақ сонда да бауырмалдық, мәрттік және жақынға деген қамқорлық біздің әрқайсымыздың бойымызда бар.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында: «Ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды. Осы қасиетті қағида әрбір қазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек»,- деп атап көрсеткен болатын. Бұл қағида, жаппай қауіп-қатердің алдында тұрған халықтың бірлігі мен тұрақтылығын сақтауда өз септігін тигізетіні де сөзсіз.

Biz Birgemiz – бұл қиындықты бірлесіп еңсерудің және бірліктің жолы.

Мадина Бектенова,

ҚР Президентінің жанындағы
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты
әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің
жетекші ғылыми қызметкері
Байланысты жаналықтар

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

22.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

22.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

22.03.2024

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады

22.03.2024
MalimBlocks
5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

«Көшкін қаупі жоғары»: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады