Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры ұсталды

Malim Админ

  • 04.02.2020

Қорғаныс министрлігінің департамент бастығы, генерал-майор жүйелі түрде пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қорғаныс министрлігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майорын әшкереледі», - делінген ведомство мәліметінде.

Министрліктің Кадр және әскери білім беру департаментінің бастығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры қол астындағылардан пара алып келген. Кәсіби дайындалған әскери кадрларды іріктеу, жұмысқа орналастыру, қол астындағыларды қызметте жоғарылату сияқты қызметтер үшін қомақты мөлшерде ақша талап етіп отырған.

Шенерал-майор 31 қаңтар күні үй қамаққа алынып, кінәсін мойындаған. Бұл жайлы жемқорлыққа қарсы агенттік:

«Күдікті кінәсін мойындады және қорғаушының қатысуымен іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш білдірді. Осы жылдың 31 қаңтарында күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - деді.

Әзірге күдіктіні қандай жаза тағайындалуы мүмкін екені жайлы ақпарат жоқ.

Фото: m.azh.kz

Байланысты жаналықтар

Медицина мифтері: Күніне 2 литр су ішу керек пе?

14.03.2020

Магистрант министр орынбасары болды

02.02.2020

Тоқаевтың бұрынғы әріптесі Орталық сайлау комиссиясына келді

30.04.2020

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

31.03.2020

Халыққа бөлінген ақшаны депозитке салған

03.03.2020

"Көше партиясы" тіркеуге құжат тапсырмақ

29.04.2020
MalimBlocks
Медицина мифтері: Күніне 2 литр су ішу керек пе?

Магистрант министр орынбасары болды

Тоқаевтың бұрынғы әріптесі Орталық сайлау комиссиясына келді

Коронавирус бардың малын шашады, жоқтың артын ашады - 1

Халыққа бөлінген ақшаны депозитке салған

"Көше партиясы" тіркеуге құжат тапсырмақ