Тарысы піскеннің тауығы: Боранбаев «асыраған» әртістер

Олар Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді.

Malim Админ

  • 09.04.2022

 Қамауда отырған Қайрат Боранбаевқа араша сұраушылардың қатарына  әнші-әртістер қосылды. Олар Тоқаевқа жазылған ашық хатта Боранбаевты тергеу ісі жеңіл болсын депті. Хат иелерінің айтуынша «қамқоршы-меценат» бәрін де қажет кезде жарылқап тұрған.  70 адамның қолы қойылған хатты Роза Рымбаева,  Нұрлан Абдуллин, Байғали Серкебаев, Нұрлан Албан, Нұрлан Қоянбаевтар бастап тұр. 


Боранбаевтың «Квазимемлекеттік сектордағы аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру» бойынша ұсталғаны мәлім.  Тергеу әлі жалғасып жатыр. Қылмыстық кодекске сәйкес әзірше нақты шешім шығару қиын. Кәсіпкердің одан өзге де қылмыстарға қатысы болуы мүмкін. Алайда олигархтың «нанын» жеп, ақшасына концерттерін өткізіп, клиптерін шығарған әртістер бұ жолы тіріліп шыға келді. Халықтың  қаны төгіліп, ел іші бүлінгенде қит етпегендер бас көтере бастапты.

 Роза Рымбаеваның  айтуынша, ашық хаттың бастамашысы продюсер, әнші Жанна Сабырова. Ол Қайратты «Құдай берген таланттың ұшқынын көруші» дейді. «Қаншама концерт, қаншама әншінің «жұлдызын жақты». Сол үшін тергеудің объективті жүргізілгенін сұраймыз деп отыр. Жаннаның мәлімдеуінше, бұл әрекеттері «жақсылықтың қайтарымы».  Ал Роза Рымбаева концертіне демеушілік жасағаннан кейін қолдау білдіретінін айтып, қысқа қайырды.     

Бұл тізімнен Нұрлан Албанды көреміз деп ойламаған едік.  Себебі, ол бұрынғы биліктің олқылығын айтып,  әжептеуір «батыр» көрініп қалған еді. Қаңтар оқиғасы кезінде әнші көппен бірге  алаңға да шыққан. Қазақстанды 30 жыл билеген Назарбаевтың жүйесін сынға алғанын да білеміз. «Халық әбден қиналып кетті. Қазақстанның 55 пайыз байлығы небәрі 162 адамның қолында деген сұмдық қой» деп батылсына пікір де берген. Қымбатшылық, ел байлығының талан-таражға салынуы Қаңтар оқиғасына алып келгенін айтып БАҚ-ты бір шулатқаны, күні  кеше.   

Бұдан соң іле-шала әртіс Тоқаевқа бейнеүндеу жолдап, елдің әлеуметтік жағдайын түзеуді сұрады. Жастарға баспана беру, тілді көтеру, шетелге кеткен қазақтарды елге қайтару керек деп үн көтерді.  Сөйтіп, Тоқаев басқаратын мемлекеттің ертеңіне сенгіш болып шыға келген-ді.

 Иә, Тоқаев билігі қазір жайындарды ұстап жатыр. Н.Албан айтатын ел байлығын үптеген 162 адам тексерілуде. Әртіс-әншілер араша сұраған Қ.Боранбаев та сол қатардан табылуы мүмкін. Алайда бишікештер  мемлекеттің мүддесінен бас қамын артық қоятынын аңғартты.  Хат жазғыштар Боранбаевтың Қазақстанның заманауи мәдениетіне қосқан үлесі ескерілсе дейді, олигархтың не үшін қамауға алынғаны оларды қызықтырмайтын да сияқты. Алақан жаятын  ауқаттылары азайды ма,  қалталы Қайратты дереу іздей бастапты. Сот шешімі шықпай тұрып алып қалайық деді ме екен?   

Пандемиядан бері жұртты арзан ән, дарақы шоумен тойындырып келген әртістерден  халық сырт айналды. Мұндай сын сағатта елге бишікештер емес, ғылым адамдары көп қажеттігін уақыт көрсетіп отыр. Аса ірі көлемде мемлекет байлығын үптеді деп айыпталған  Боранбаевқа араша сұрауы олардың шама-шарқының қандай екенін көрсетіп бергендей... Кімнің тарысы піссе, соның тауығы болатындарды басқа не ойландырсын?!    

О.Әбіл

Байланысты жаналықтар

Зеленскийдің сұхбаты, Ресей депутатының Алматыны орыс салғанын еске салғаны

02.06.2024

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

15.09.2023

Дариғаның құдасы Қайрат Боранбаев сотталды  

31.03.2023

«Үшқоңыр» тұрғын үй кешенінің салымшылары Тоқаевтан көмек сұрады

30.06.2022

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

29.10.2020

Б. Тілеухан: Жағымпаздықтың үш түрі болады...

20.08.2020
MalimBlocks
Зеленскийдің сұхбаты, Ресей депутатының Алматыны орыс салғанын еске салғаны

Неге Ресей элитасы Қазақстанға ақпараттық шабуылын күшейтті?

Назарбевтың бұрынғы құдасы 6 жылға сотталды

Мемлекетке өз еркімен 90 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын хабарлады

Дариғаның құдасы Қайрат Боранбаев сотталды  

14,5 миллиард теңге ұрлаған

«Үшқоңыр» тұрғын үй кешенінің салымшылары Тоқаевтан көмек сұрады

Бір ай бұрын үй бағасының өскенін хабарлаған

"Орыстар маған орысша сөйле деген емес"

Б. Тілеухан: Жағымпаздықтың үш түрі болады...