Қазақстан ғылымының жай-күйі қандай?

Malim Админ

  • 12.04.2020

12 сәуір - Ғылым күні. Қазақстан ғылымының жай-күйі мен әлеуетіне білім және ғылым министрінен бастап баға беріп жатыр. Олай болса біз де бүгін еліміздің ғылым ахуалын сараптап көрсек.

Жас ғалымдарды қолдау

Ең алдымен айтып өтетін нәрсе, жас ғалымдардың ғылыми жобаларын қаржыландыру мәселесі елде жолға қойылған. Мәселен, жас ғалымдарды қаржыландыруға арналған байқаулар жыл сайын өтіп тұрады. Сол тәрізді ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық мақсатты қаржыландыруға арналған байқаулар да жыл сайын өтетін болды.

Бірден астын сызып айтатын жайт, коронавирус індетіне қатысты жарияланған төтенше жағдай мен карантинге қарамастан, ғылыми жобаларды дамыту мен қаржыландыру тоқтап қалған жоқ. Ғалымдар мен олардың жобаларын қарайтын Ұлттық ғылыми кеңестер де елмен бірге онлайн режимге көшті. Мәселен, жас ғалымдардың ғылыми жобаларын қаржыландыру мәселесін шешетін Ұлттық ғылыми кеңес жұмыстарын төтенше жағдай кезінде де жалғастырып жатыр. Биылғы жылдың басты өзгерісі, Ұлттық ғылыми кеңес жобаны қаржыландыруды ашық дауыс беруге салады. Бұрын дауыс беру құпия өтетін.

Әзірге жеті бағыттағы Ұлттық ғылыми кеңестің екеуі жұмысын аяқтап, гранттарды бөлді. Соның бірі – "Өмір және денсаулық" бағытындағы Ұлттық ғылыми кеңес. Соңғы мәліметке қарағанда, осы бағыттағы Ұлттық ғылым кеңес 125 жобаны қарастырған. Бұл жобалардың барлығы алдын ала іріктелген, әртүрлі көрсеткіштер бойынша 21 балл жинаған.  Ұлттық ғылыми кеңес "Өмір және денсаулық" бағытында 19 жобаны қаржыландыруды мақұлдаған. Бұл жобаларға барлығы 1 миллиард 168 миллион теңге бөлінетін болды.

Ғылым күніне орай Қазақстан ғылымының жай-күйіне баға берген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылымға қаржы бөлу бойынша ашықтықты арттыру жұмыстары басталғанын мәлімдеген. Міне, биыл өткен Ұлттық ғылыми кеңесте сол ашықтық талаптары сақталды.

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, оның ішіндесу ресурстары, геология, қайта өңдеу бағыты бойынша өткен Ұлттық ғылыми кеңес мүшелері жас ғалымдар сұратқан қаржыландыру сомасын қысқартпады. Жас ғалымдардың жобасы әуелі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы бағалап, балл берген. 28 балдан төмен жинаған жұмыстарды Ұлттық ғылыми кеңестер қарастырмады. Негізінен жоғары балл жинаған жобаларға гранттар берілді.

Ғалымдардың жай-күйі

Елде 386 ғылыми ұйым бар, онда барлығы 22 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетіндегі деректерге қарағанда, елде 1703 ғылым докторы, 4240 ғылым кандидаты, 1045 PhD докторы бар. Ғылыми қызметкерлердің үштен бірі жасы 35-ке дейінгі жастар.

Ғалымдар жұмысының тиімділігі ең алдымен ғылыми жаңалықтармен, ғылыми жобалармен және әлемнің жетекші ғылыми журналдарында шыққан мақалалармен өлшенеді. Міне, осыдан он жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда, Scopus деректер базасында жарияланған қазақстандық ғалымдардың ғылыми мақалалардың саны 34 есеге өсті. Соңғы бес жыл ішінде шыққан ғылыми жарияланымдарды сараптасақ, қазақстандық ғалымның әрбір бесінші мақаласы әлемдегі үздік ғылыми журналдардың 25 пайызына енген. Бұған, әрине, шетелде "Болашақ" бағдарламасымен оқып келіп, ғылыми салада жұмыс істеп жүрген мамандардың үлесі орасан.

Қаржыландыру

Естеріңізде болса, бұған дейін жас ғалымдардың ғылыми жобаларына жыл сайын 3 миллиард теңге бөлінетіні хабарланды. Ал 2020-2023 жылдар аралығынада жас ғалымдардың ғылыми жобаларына барлығы 9 миллиард теңге бөлінеді. Қазақстан 2018 жылы ғылымды дамытуға ішкі жалпы өнімнің 0,12 пайызын жұмсаған. ТМД-дағы елдермен салыстырғанда, бұл анағұрлым жоғары көрсеткіш. Мәселен, армения ғылыда бұл жылы ішкі жалпы өнімнің 0,3 пайызы, Украина 0,5 пайызын, Беларуссия 0,6 пайызын жұмсаған.

2020-2022 жылдары ғылымды қаржыландыру екі есе өсті, ал 2025 жылға қарай ғылымды қаржыландыруға ішкі жалпы өнімнің 1 пайызы бөлінетін болады. Мұны мына сандармен түсіндірейік: 2019 жылы ғылым саласына 43 теңге жұмсалса, 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 431 миллиард теңгеге жетеді. Яғни ғылымды қаржыландыру алдағы бес жылда он есеге өседі.

Фото: aha24x7.com

 

Байланысты жаналықтар

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы

22.03.2024
MalimBlocks
Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

Наурызнама: 22 наурыз – жыл басы