Ақтөбе әкімдігі жол сапасын тексертуге құлықсыз

  • 05.02.2020
  • Malim Админ

Биыл қала ішінде жаңадан салынатын немесе жөндеуден өтетін жолдарға қатысты Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Ақтөбе филиалымен келісімге отырмаған.

«Былтырдан бастап тек республикалық немесе облыстық маңызы бар жолдар ғана емес, қала ішіндегі жолдардың да сапасын бақылап, сараптама жүргізу біздің құзырымызға енген еді. Бірақ Ақтөбе қаласының әкімдігі асықпай отыр. Былтыр да жаңа жолдарға ешбір сараптама жасатпады. Биыл да  әзірге қай көшелердің жолы жаңартылып, жөндеуден өтетінінен бейхабармыз. Мердігер компаниялар жол салуға құрылыс материалдарын осы күннен бастап дайындай беру керек. Оның сапасын бақылауға құжат болмаған соң бізде мүмкіндік жоқ», - дейді Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы Ақтөбе филиалының инженері Тельман МАЛАЕВ.

Ақтөбе облысы бойынша Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығы филиалы биыл республикалық маңызы бар 4 жолдың қайта қалпына келтіруін, 2 жолдың орташа жөндеуі мен 8 жолдың ағымдағы жөндеуін қадағалап отырады.

Сондай-ақ жөндеуден өтетін облыстық деңгейдегі 14 жолдың да сапасын бақылайды.

Жол активтері ұлттық сапа орталығының Ақтөбе облыстық филиалы 2019 жылы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарға 732 рет бақылауға шықты және 123 кемшілікті анықтады. Ол кемшіліктің төртеуі әлі түзетілген жоқ.

«Мысалы, «СПИК Аккорд» компаниясы Ақтөбеден Атырауға барар жолдың 236 шақырымынан 275 шақырымына дейін салып жатыр. Сол компания салған асфальт жамылғысы тегіс емес және айналма жолға қайтай жөндеу жүргізуі керек,»-дейді Тельман Малаев.

                                                                                                                                           Жанаргүл ҒАФУҚЫЗЫ 

Фото авторы Жанболат Санияз.

 

 

Байланысты жаналықтар

Еңбеккерлер құқығын қорғайтын меморандум

04.02.2020

Денсаумин 12 жастан асқан балаларға вакцина егуді қарастырып жатыр

16.07.2021

Министр Нұрымбетов мүгедек аналарды әуре-сарсаңға салып отыр

04.02.2020

ЯСАУИ кесенесі күмбезін жаңарту жұмысы аяқталды

29.07.2020

Қызылжарлық ана он жетінші баласын дүниеге алып келді

27.07.2021

Той жасаушылар тоқтамай тұр

30.07.2020