Қашықтан оқыту: Оқушылар БЖБ мен ТЖБ-ны қалай тапсырады?

Malim Админ

  • 09.04.2020

Төтенше жағдай мен карантин жариялануына байланысты  мектептер қашықтан оқытуға көшсе де, оқушылардың білім деңгейін тексеру, баға қою және қорыту тоқтап қалмайтыны түсінікті. Олай болса қашықтан оқытуға көшкен мектептер енді бөлім үшін жиынтықты бағалау (БЖБ) мен тоқсан үшін жиынтықты бағалауды (ТЖБ) қалай өткізбек?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 8 сәуір күні COVID-19 коронавирус инфекциясының пандемиясы кезінде оқу процесінің қашықтықтан білім беру технологиясына өтуі аясында білім берудің сапасын қамтамасыз етудің қосымша шаралары туралы" бұйрыққа қол қойды. Бұйрықта көрсетілген ереже бойынша, оқушыдан үй жұмысын орындағанын дәлелдейтін фото немесе видео дәлел сұрауға тыйым салынған, ал ұстаздарды мектептер түрлі есептерден босатқан.

Сондай-ақ осы құжатта оқушылардың бөлім үшін жиынтықты бағалау мен тоқсан үшін жиынтықты бағалауды қашан тапсыратыны анық жазылған.

Былайғы кезде төртінші тоқсан кезінде бөлім үшін жиынтықты бағалау біреше мәрте өтсе, қашықтан оқытуға көшкендіктен, жиынтықты бағалау бұл тоқсанда бір мәрте ғана өтпек.

Төртінші тоқсанда бөлім үшін жиынтықты бағалау бір мәрте ғана өтеді. Аймағамбетов қол қойған бұйрыққа сәйкес, бөлім үшін жиынтықты бағалау 4 мамыр мен 8 мамыр аралығында өтеді. "Өзін-өзі тану", "Көркем еңбек", "Музыка", "Дене шынықтыру", "Кәсіпкерлік және бизнес негіздері", "Графика және жобалау" және "Қоғам мен дін" пәндері бойынша бөлім үшін жиынтықты бағалау өткізілмейді", - делінген бұйрықта.

Мұғалім бөлім үшін жиынтықты бағалау тапсырмасы нақты қай күні тапсырылатынын көрсетуі керек.

Ал енді тоқсан үшін жиынтықты бағалауға келейік. Оны да Асхат Аймағамбетов өз бұйрығында егжей-тегжейлі түсіндіріп өткен. Тоқсан үшін жиынтықты бағалау осы тоқсанда бір-ақ мәрте 18  мамыр мен 22 мамыр аралығында өтуі тиіс.

1-10-сыныптар аралығындағы тоқсан үшін жиынтықты бағалау көлемі мынандай: бөлім үшін жиынтықты бағалау бір рет – 8 мамырға дейін, тоқсан үшін жиынтықты бағалау бір рет – 22 мамырға дейін өтеді. 11-сыныптағы бақылау жұмыстарының көлемі: 8 мамырға дейін бір өзіндік жұмыс, 22 мамырға дейін бір өзіндік жұмыс тапсырылады.

Карантинге байланысты 9-11-сыныптардағы қорытынды аттестаттау, яғни емтихандар алынып тасталды.Сөйтіп, 9 және10-сынып оқушылаы қорытынды емтихандардан, ал 11-сынып оқушылары мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтиханынан босатылды.

"Карантинге байланысты жылдық баға ағымдағы бағалар негізінде шығарылады. Осы баға аттестатқа түседі. Көптеген елдер қорытынды емтихандардан бас тартты, біз де осы шешімге келдік", - деді онлайн-конференцияға шыққан білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Әлбетте, министрлік те, мектептер де қашықтан оқыту кезінде бақылау жұмыстарын алудың қиын екенін түсінеді. Сол себепті мұғалімнен алыста отырған студенттің тапсырманы өз бетінше орындап, алдамауын, академиялық адалдықты сақтауын ата-ана қадағалағаны жөн. Өйткені балаға баға емес, ең алдымен білім қажет екенін бәрі түсінуі тиіс.

Байланысты жаналықтар

Маминнің дерегіне ел түгілі өзі де сенбейді...

06.05.2020

Тілек Ырысбек: "Нұрсұлтан"

13.08.2020

Мақтааралды оңалтуды үкімет комиссиясы мойнына алды

04.05.2020

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

13.09.2021

Карикатура сөйлесін

28.05.2021

Желіде шу тудырған «домбыра» паркінің құны – 1,6 миллиард теңге

15.05.2020
MalimBlocks
Маминнің дерегіне ел түгілі өзі де сенбейді...

Тілек Ырысбек: "Нұрсұлтан"

Тілек Ырысбек. Поэма. Ода. (поэмадан үзінді)

Мақтааралды оңалтуды үкімет комиссиясы мойнына алды

Алматы облысында екі аптада 244 сынып карантинге жабылған

Карикатура сөйлесін

Желіде шу тудырған «домбыра» паркінің құны – 1,6 миллиард теңге