Кәсіпкерлер өтініші ескеріліпті

  • 17.04.2020
  • Malim Админ

Үкімет пен «Атамекен» палатасы кәсіпкерлердің сөзіне құлақ асып, шапшаң шешім шығарып жатыр.  Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингтегі сөзін «Атамекен» ұлттық палатасының өкілі Ербол Өстеміров осылай түйіндеді.

Елдегі төтенше жағдайда азық-түлік тапшылығын болдырмас үшін үкімет бірқатар ауыл шаруашылық өнімдерін шет елге шығаруға тиым салған еді. Бірақ, экспортқа бейімделген кәсіпкерлер шығынға бататындарын айтып, шағымданған еді. «Атамекен» өкілінің айтуынша, бұл дауға нүкте қойылған. Яғни, Үкімет кәсіпкерлердің айтқан сөздерін құлақтарына қыстырып, экспорт тиымын жеңілдеткен.

̶  Бизнеске ең үлкен қолдау – салықтық ынталандыру болып тұр. Үкімет екі қаулы қабылдады. Мемлекет басшысының тапсырмасымен тағы бір жаңа қаулы дайындалып жатыр. Оның ішіне еңбекақы төлеу қорынан төленетін салықтар мен әлеуметтік аударымдардан босату туралы талаптар енгізілген. Бұның ішінде төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударылатын жарналар бар. Жаңа қаулы бір-екі күнде шығады. Салық саясатындағы осындай жеңілдіктер бизнес үшін ауадай қажетті шаралар, – деді Е.Өстеміров

Байланысты жаналықтар

Сайлауға қанша миллиард кететіні белгілі болды

21.10.2020

Жомарт Ертаев 11 жылға сотталды

16.11.2020

ПЦР мен КТ-дан өтуге неге асықпау керек?

01.07.2020

Даңқты Марадона дүниеден өтті

25.11.2020

Шахаров, шық! Аналарды алдама!

29.10.2020

Бас санитар қателігін мойындады, Біртанов ше?

03.09.2020