Тоқаевтың аузына қараған жұрт қалаға кіре алмай тұр

Malim Админ

  • 11.05.2020

Бүгін төтенше жағдай аяқталған соң, Алматыдағы жұмыстарына төңіректегі елдімекендерден көліктермен ағылған жұрт қалаға кіре алмай, кіреберістегі блок постарда бірнеше шақырымдық кептелісте тұрып қалды.

Төтенше жағдай аяқталғанымен,  төтенше жағдай режимінен кейінгі шараларды түсіндіретін Тоқаев бастаған мемлекеттік комиссия отырысы әлі өтпеді. Нақты хабарды ала алмаған қаланың маңындағы халық таңертең Алматыға бет алғанымен, қалаға  кіреберіске қойылған блокпостардан өте алмай тұр. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде наразылығын білдіріп жатқан адам көп.

"Қазақстанда нағыз құқықтық бассыздық басталды. Төтенше жағдай аяқталса да, Алматыдан шығаберісте блок постар әлі тұр, ал қалаларда еркін жүріп-тұруға салынған тыйым әлі алынбаған. Шектеулердің алынбауын билік  "бас санитар ел аумағындағы шектеу шараларын енгізіп, күшін жоя алады" деген 2 мамырда шыққан қаулымен түсіндіріп отыр. Ал азаматтардың конституциялық құқығын шектеу жөніндегі осы шешімді кім шығарды? Мәслихат па, сенат па, президент пе? Бұл шешімді денсаулық сақтау министрлігі шығарды. Бас санитар дәрігер карантинді алмағандықтан, төтенше жағдай тоқтаса да, барлық шектеу әлі күшінде... Сонда министрлік шешімі қашаннан бері елдің басты заңы – Конституциядан жоғары бола қалған?" - дейді әлеуметтік желі қолданушысы, журналист Ибраш Нүсіпбаев.

"Тура бір жарым сағатта 200 метр жер жүрдім. Алдымдағы постқа әлі 500-600 метр бар. Мына жылдамдықпен түске таман жетіп қалам. ТЖ бітті деген соң ағылған жұрт блокпостарды бітеп тастады. Қарсы бағытпен, жол жиегімен озып, жол ережесін бұзған, жанталасқан қауым. Тәртіптілер тұрмыз...
Бұл Алматының шығыс бағыттан кіреберісі, Талғар жолы. Осыдан бес жыл бұрын бұл жолмен күніге 60 мың көлік кіріп шығатын. Қазір одан көп, әрине. Алтынорда жақ не боп жатқанын елестетудің өзі қиын. ТЖ тоқтайды дегенде Тоқаев жұрттың бәрі кортежбен, не ереже бұзып қарсы бағытпен жүрмейтінін, ұлы нөпір пробка боларын неге болжамады? Блокпостан кері қайтарылған ел қалаға кіруге керек КВИ ға тест тапсырам деп сенделетінін неге түсінбейді?" дейді журналист Қасым Аманжол.

Мамырдың 11-інде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, карантин шаралары сақталатыны хабарланған болатын.

Байланысты жаналықтар

Сәлімовтің «реформасы» "Semey Bus" ЖШС-ін жауып тынбақ

23.06.2021

Коронавирусқа байланысты наурыз мерекесі тойланбайды

12.03.2020

500 ғалым "Болашақ" бойынша ғылыми тағылымдамадан өте алады

22.04.2021

Өзбек байы ең атымтай жомарт екен

22.05.2021

Цой айтпаған цифрлар шошытады

17.07.2020

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет

09.02.2020
MalimBlocks
Сәлімовтің «реформасы» "Semey Bus" ЖШС-ін жауып тынбақ

Коронавирусқа байланысты наурыз мерекесі тойланбайды

500 ғалым "Болашақ" бойынша ғылыми тағылымдамадан өте алады

Өзбек байы ең атымтай жомарт екен

Цой айтпаған цифрлар шошытады

Қазақстан халқы Ассамблеясы: Ұлтаралық алауыздық тудырмауымыз қажет