Әкімдік облыс тұрғындарының Алматыға қашан кіре алатынын хабарлады

Malim Админ

  • 11.05.2020

Алматы қаласында жұмыс істейтін Алматы облысының тұрғындары қашан блокпостан өтіп, жұмыстарына орала алады? Бұл сұраққа бүгін кешке брифинг өткізген Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек ТҰЯҚБАЕВ жауап берді.

"Облыс тұрғындары қалаға жұмыс істеуге келуге мүмкіндігі қандай болмақ? Бұл мәселе бойынша шешім қабылданып, алгоритм бекітілді. Алгоритмге сәйкес, таңертеңнен бастап ашылатын кәсіпорындар Алматы облысынан жұмысшысын алып келеміз десе, өздеріңізге мәлім infoalmaty.kz сайты арқылы өтініш түсіруі тиіс. Сол ұсыныстарды сайт арқылы қабылдап, тіркеу басталады. Сол деректер қорына енгізілген облыс тұрғынына блокпост арқылы келіп кетуге рұқсат етіледі", - деді әкім орынбасары.

Бірақ бұл қаладағы бүкіл кәсіпорындар облыстағы жұмысшыларын жаппай әкеле алады деген сөз емес. С.Тұяқбаевтың айтуынша, жұмыс істеуге рұқсат етілген кәсіпорындар ғана облыстағы жұмысшыларын алдыра алады.

"Осы күнге дейін рұқсат берілген кәсіпорындарға ғана облыстан өз жұмысшыларын шақыруға мүмкіншілік беріледі. Бұл қандай кәсіпорындар екенін бұған дейін жарияладық, тағы да жариялаймыз. Басқа, рұқсат етілмеген кәсіпорындардың жұмысшыларын облыстан шақыртуға рұқсаты жоқ. Өйткені ол саланың қызметкерлеріне жұмысқа шығуға рұқсат берілмейді. Ол ірі сауда ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес ірі базардар, спорттық фитнес кулбтар мен спорттық қызмет саласындағы басқа кәсіпорындар. Олардан қызметіне рұқсат ету бойынша сұраныстар түсіп жатыр. Бірақ келесі уақытта, қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша қосымша хабарлайтын боламыз", - деді С.Тұяқбаев.

С.Тұяқбаевтың айтуынша, қалаға кіруге рұқсаты бар облыс тұрғындарынан коронавирусқа ПЦР анализдер тапсыру талап етілмейді.

Фото: Inform.kz

Байланысты жаналықтар

Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алуға арналған жоба басталды

29.09.2020

Әкімдік карантин кезінде тендер ойнатқан

26.11.2020

Кәсіптік және техникалық білім: Түлектер жерде қалмайды

28.04.2020

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

13.10.2021

"Болашақ" бағдарламасы: АҚШ университеттеріне оқуға қалай түсуге болады?

30.08.2021

“Шашы ұзынның ақылы қысқа” ма?

27.03.2021
MalimBlocks
Оқушылар арасындағы буллингтің алдын алуға арналған жоба басталды

Әкімдік карантин кезінде тендер ойнатқан

Кәсіптік және техникалық білім: Түлектер жерде қалмайды

Қазақстан цифрландыруға қанша миллиард жұмсады?

Ал «цифрландыруға бөлінген ақшаның тиімсіз жұмсалғаны үшін кім жауапты?» деген сұрақ елеусіз қалған сияқты.

"Болашақ" бағдарламасы: АҚШ университеттеріне оқуға қалай түсуге болады?

“Шашы ұзынның ақылы қысқа” ма?