Ассамблея: Қиын кезде ұлттық тұтастық керек

Malim Админ

  • 18.05.2020

Қазақстандағы этносаралық келісімді және халық бірлігін нығайту үшін еңбек ететін Қазақстан халқы Ассамблеясы пандемия кезінде де азаматтық қоғам институтының дамуы үшін аз еңбек етіп жатқан жоқ. Су астында қалған Түркістан облысындағы мақтаарлықтарға да жәрдемдерін беріп, ұлт тұтастығының көрінісін көрсетуде.

Жамбыл облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалы жәрдемге мұқтаж оңтүстіктегі халыққа өз қол ұштарын беріп жатыр. Өңірдегі орыс, түрік, күрді, шешен, неміс, өзбек, тәжік және әзірбайжан этномәдени бірлестіктері Мақтаарал ауданына құны 32 миллион теңге тұратын 32 тоннадан асатын азық-түлік, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттарды жүк көлігіне тиеп жөнелтті.

Бұл игі шараға басқа да қоғамдық ұйымдар, мецанаттар, кәсіпорындар ат салысты. Жәрдем керуенін аттандыруға Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы елеулі жұмыс атқарды.

«Бізге қасиетті Әули ата жерінен көмек келді. Қиын кезде кез-келген адам қиналатыны белгілі. Алайда, жан-жақта жасалып жатқан көмекті көргенде еріксіз көзіңе жас аласың. Елдің барына қуанасың. Бұл біздің қоғамның бауырмалдығын, тұтастығын көрсетеді.», - дейді мақтааралдық тұрғын Жанпейіс ЫСҚАҚОВ.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы Қордай ауданындағы «Вынхуа» мәдени орталығы 5 миллион теңгеге гуманитарлық көмек көрсеткен болатын. Олар 30 тонна тауар, сондай-ақ, 2,5 тонна ұн, 2,5 тонна қант, 1,5 тонна күріш және 5,3 тонна картоп берген. Мәдени орталық басшылары бұл тек қана қайрымдылық шарасы емес, ұлттық тұтастығымыздың белгісі дейді.

С. НАЗАРОВА

Фото: assembly.kz

 

 

Байланысты жаналықтар

Сенат «саяси партиялар туралы» заңды қабылдады

21.05.2020

Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

16.03.2021

Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

20.05.2020

Сенатқа келген заң мәжіліске кері қайтты

14.05.2020

Тоқтай тұр!.. "Біз – өзгелер" деген - қауіпті элемент.

01.03.2020

"Достық үйінде" қазақтану процесі жүріп жатыр"

14.02.2020
MalimBlocks
Сенат «саяси партиялар туралы» заңды қабылдады

Әкім Оразалин көпбалалы анаға жалған сертификат берген

Мәжіліс Сенаттың түзетулерімен келісті

Сенатқа келген заң мәжіліске кері қайтты

Тоқтай тұр!.. "Біз – өзгелер" деген - қауіпті элемент.

"Достық үйінде" қазақтану процесі жүріп жатыр"