Бейсен Құранбек атындағы байқау өтеді

  • 22.05.2020
  • Malim Админ

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгілі журналист Бейсен ҚҰРАНБЕК атындағы «Жігер» байқауын жариялады. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

Байқаудың басты мақсаты марқұм Бейсен Құранбекке деген құрмет және талантты жас журналистерді анықтап, олардың кәсіби шындалуына жол ашу.

Лауреаттар 4 номинация бойынша анықталады

  • Әлеуметік тақырыпқа арналған үздік ТВ сюжет
  • Әлеуметтік тақырыпқа арналған үздік мақала
  • Әлеуметтік тақырыпқа арналған үздік материал (әлеуметтік желі)
  • Әлеуметтік тақырыпқа арналған үздік фото

Конкурсқа телевидение, баспасөз, интернет-ресурстары бойынша кәсіби журналистер де, жас журналистер де қатыса алады (18-35 жас). Сондай-ақ, фотографтар мен блогерлерге де қатысуға болады.

Ең мықты материалды арнайы қазылар алқасы анықтайды. Қазылар құрамына белгілі медиа-менеджерлер, журналистер, БАҚ саласының дамуына өзіндік үлес қосқан қоғам қайраткерлері кірмек.

«Жігер» байқауына өтініштер қабылдау 26 мамыр мен 15 маусым аралығында жүреді. Өтініштер онлайн түрде, mdq.kz сайты арқылы қабылданады. Қосымша ақпараттарды да осы сайт арқылы білуге болады.

Жеңімпаздарды марапаттау 28 маусым күні, журналистер күніне орай өткізілмек.

Байланысты жаналықтар

Отбасы жайлы хадистер

15.05.2020

Тоқаев Мәминге бес күн уақыт берді

29.06.2020

"Сауат ашу" орнына қайтадан "Әліппе" оқытылады

21.07.2020

Диплом дауы

29.12.2020

Цойдың есебі мен дәйегі өтірік боп шықпай ма?

10.07.2020

Жаңа заң БАҚ-тың коммерциялық мүмкіндіктерін де арттырады – Аида Балаева

26.05.2021