Алматыда кафелер ашыла бастады

  • 25.05.2020
  • Malim Админ

25 мамырдан бастап Алматы қаласында бірқатар сауда, ойын-сауық орталықтары мен кафелер, базарлар, ХҚКО-лар  жұмыс істей бастады.

Бүгіннен бастап 3100 кафе-мейрамханалар, жазғы алаңдарда отырып, тамақтануға болады. Дегенмен, той өткізуге әлі де болса рұқсат жоқ.

Үлкен сауда, ойын сауық орталықтарындағы сұлулық салондары, химиялық тазарту орындары сияқты қызмет көрсететін орындар, бильярд, караоке секілді көңіл көтеретін орындар, қонақ үйлер жұмысын бастады.

16 ХҚКО жұмысын қайта бастап, 1,5 мың қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Азық-түлік базарлары да жұмысын бастады. Өзге мақсаттағы базарлар 1 маусымнан бастап ашылады деп жоспарланып отыр.

Бұдан өзге, хостельдер, бассейндер, спа-салондар, жаттығу залдары әзірге жұмысын бастамайды.

Айта кету керек, жұмысын бастап кеткен орталықтағы санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздікке басты жауапты – сол орталықтардың әкімшілігі болады.

Байланысты жаналықтар

Есірткімен қоғам болып күресуіміз керек

14.09.2020

Құс тұмауы Қарағандыға жетті

23.09.2020

Инвестиция: Балмұздақтан- азық-түлікке

10.03.2021

Баспаналы болудың жолдары көп

13.11.2020

Бір түнде коронавирус індетін жұқтырған 41 адам анықталды

28.03.2020

“Құрбан айтта үйде мал союға, қой сатуға тыйым салынады”

28.07.2020