Қырғызстан Қазақстанды айналып өтеді

  • 26.05.2020
  • Malim Админ

Қырғызстан жүк тасымалдау үшін Қазақстанды айналып өтетін жаңа бағыт ашты. Бұл келісімге келу үшін олар 2 жылдан аса уақыт бойы келіссөз жүргізген.

Азаттықтың Қырғызстан қызметінің жазуынша, Қырғызстан Түркиядан құрлық арқылы жүк тасымалдау үшін енді Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан елдерімен келіссөз жүргізген.

«Түркия мен Қырғызстан арасында темір жол және автожолдар арқылы жүк тасымалдау үшін жаңа бағыт ашылды. Ол Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Түркия территориялары арқылы, Қазақстанды айналып өтеді. Бұл жобаны іске асыру үшін аз уақыт, аз күш кеткен жоқ», - дейді Сауда-өндіріс палатасының өкілі, USB Transit фирмасының басшысы Таланбек Мәткерімұлы.

Оның айтуынша, алғашқы 3 контейнерді әкелу үшін екі ай уақыт кеткен. Одан кейінгі 37 контейнерді екі аптада жеткізіпті. Грузия арқылы Әзірбайжанға темір жол арқылы жеткізіліп, Әзірбайжаннан паромға тиеліп, Каспий теңізімен Түркіменстанға жүзіп өтеді де, ары қарай Өзбекстанға, одан ары Қырғызстанға жеткізіледі.

Айта кету керек, бұрын Қырғызстанға жеткізілетін азық-түлік, құрылыс материалдары, тоқыма және өндірістік тауарлар мен медициналық құрал-жабдықтар Қазақстан арқылы өтетін. Мәткерімұлының пікірінше, бұл бағыт қазіргі жағдайда әлдеқайда ыңғайлы.

Түркия мен Қырғызстан арасындағы өткен жылғы тауар айналымы 426 млн долларды құрапты. Ердоған мен Жээнбеков бұл көрсеткішті 1 млрд-қа дейін жеткізуді көздейді.

Байланысты жаналықтар

АҚШ басылымы: Путин Байденнің жеңісін ақыры мойындады

15.12.2020

Мүгедек балалардың проблемалары «ADAL» үміткері назарында

29.12.2020

Мыңбаевтың орнына Сауранбаев барды

08.04.2021

Алматыда белсенділер Ағаділмен қоштасты

28.02.2020

"Еңбекке жарамсыз" Есімов зейнетке кететін болды

26.03.2021

Гүлнар Каримова: 686 миллион доллар беремін, бостандыққа шығарыңызшы

26.02.2020