Өркениет өзегі - ғылым

Malim Админ

  • 27.05.2020

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы онлайн режимде өтті. Жиында баса назар аударылған саланың бірі – ғылым. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақыл-ойдың өсу қарқынын есепке ала отырып, ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Қазір алдағы кезеңнің  күн тәртібін анықтап алуымыз қажет. Кез келген мемлекет үшін адами капитиалы басты өлшемге айналды. Осы орайда біліктілік мәселесі айрықша маңызға ие болып отыр. Әр азамат өзінің жеке жетістігі арқылы бүкіл елдің табысты болуына, өсіп-өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан бүгінгі отырысты адами капиталдың негізгі бағыттарын дамыту мәселесіне арнадық. Бұл –  білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласы», - деді Мемлекет басшысы.

Қазіргі кезең білім беру мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлуді қажет етіп отыр. Бәсекеге қабілетті болудың жолы материалдық құндылықтар емес, керісінше ілім-білімге ұмтылу болып отыр. Әсіресе пандемия бұны ерекше айқындап бергендей көрінеді. Осының түсінген билік енді ғылымға айырықша көңіл бөлетін болады.

Қ. Тоқаев: «Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті, экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Бүкіл мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беруді және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылым саласына 7 есе өсетінін ескерген жөн», - деп, ғылымды жәй сөзбен емес, нақты қолдаумен демейтінін білдірді.

Президент тапсырмасымен Үкімет іргелі ғылым мен зерттеу институттарының базалық қаржыландыру көлемін арттыру мүмкіндігін қарастырады. Ғылым тәуелсіздік алғанан бері аз-маз көңіл бөлініп келе жатқанымен, толығымен тоқырауға ұшыраған сала. Әр жерден, там-тұмдап, жекелеген адамдар жетістікке жетіп жатқанымен, қазақ ғылымының біртұтас өркендеуіне бір кілтипан жетпей келе жатқандай көрінетін. Бүгінгі жиында: «Толықтай алғанда, ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңімен ұлғайтамыз және 2025 жылға қарай оны жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына жеткіземіз. Бұл ретте, біз ешкім оқымайтын қажетсіз жұмыстар мен зерттеулерді қаржыландыра алмаймыз. Әрбір ғылыми жұмыстан сұраныс және нақты әлеуметтік-экономикалық әрі өндірістік-техникалық қайтарым болуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру ұлттық ғылыми-техникалық міндеттер негізінде ғана бөлінуі қажет. «Күш-жігерді және ресурстарды медициналық-биологиялық зерттеу, агроөнеркәсіптік ғылым, жасыл технология, жасанды интеллект, энергия үнемдеу сынды салаларға бағыттаған жөн», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы біреттік гранттық конкурстар нәтижесіне қарамастан үздіксіз жүзеге асырылуы тиісті іргелі зерттеулер жүргізумен айналысатын ғылыми ұйымдарды тікелей қолдау маңызды екендігін баса айтты.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысы Жоғары оқу орындарының ұстаздары мен докторанттарға да жағымды жаңалыққа толы болды.  «Педагогтар мәртебесі» деген заң қабылданғалы мектеп мұғалімдерінің айлығы өсіп, біршама жақсарып қалғандай болды. Бірақ университеттердің мұғалімдері, нақты студентті ғылымға баулып, ғалым ететін маманның жағдайы ескерілмей қалғандай еді. Ол олқылылықтың да орны толды.

«Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын. Біз «Педагогтар мәртебесі» заңы аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет Жоғары оқу орындары оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыру керек», - деді Президент.

Бұл өте дұрыс ұсыныс, әрі тапсырма. Қазіргі кезде Жоғары оқу орындары оқытушыларының да жүктемесі аз емес. Студенттерге білім беруден өзге, жеке статусын айқындап отыратын, ғылыми мақалалары мен зерттеулері халықаралық талаптарға сай басылымдарда жарияланып тұру керек. Одан бөлек әр Жоғары оқу орнының ішкі тәртібі, ішкі өмірі бар. Оған да ұстаз атсалыспай тұрмайды. Осындай кезеңде оларға мемлекеттік қолдауы айырықша қажет.

Сонымен қатар докторанттардың да жәй-күйі назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі жас ғалымдардың ең жоғары біліктілігін анықтайтын осы – докторантура. Одан кейін бізде оқу жоқ. Ал нақты ғылыммен айналысып, алаңсыз жұмыс істеу үшін қаражат керек. Ол мына заманда айтпса ада түсінікті. Бір емес, бірнеше жұмыс істеп, күн көріп жүрген адамдар, бір ғана стипендиямен жан баға алмасы анық еді. Енді Тоқаев докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажеттігін айтып отыр. Бұл да болса, жас ғалым үшін әжептәуір көмек болып қалары сөзсіз. «Ғылыми жетекші орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнаулы мемлекеттік тапсырыс беру қажет. Докторанттардың көбі отбасылы азаматтар. Олар ғылыммен айналысқан кезде стипендиямен күн көреді. Жұмыс істеуге мүмкіндігі болмайды. Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту қажет. Сонымен қатар Елбасының жас ғалымдар үшін жыл сайын грант бөлу жөніндегі бастамасын жалғастырған жөн. Оның алдағы үш жылға арналған жалпы көлемі 3 миллиард теңге болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл бөлінген, бөлінетін ақша тиісті арналарына түсіп, еш жерден жырып кетпесі ғылымға көп көмек болады.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында ғылымға баса назар аударып, білімге де айырықша көңіл бөлген Тоқаевтің сөзі көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе, білім-ғылым саласында қызмет етіп жүрген қайраткерлер қолдады.

Ғылым – дамудың өзегі. Біз дамимыз десек, алдымен осы ғылымымызды дамытуымыз керек. Кез келген дамыған елдің қарасаңыз, осы ғылымымен озып отыр. Абайдың: «Артық білім кітапта, Ерінбей оқып білеуге» дейтіні тегін емес.

Абай тағы айтады: «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба» деп. Осы біз отыз жылда көп мақтандық. Бірақ артық білімге де ұмтылмадық, ғылым да таппадық. Енді соның есесін қайтаратын уақық жетті.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деп өкінген де сол Абайыңыз еді ғой. Енді Абай жылында ғылымға жақсы көңіл бөлініп жатқаны да тегіс болмаса керек. Абай ескермедім деп ескерткен дүниесін, естен шығармайық.

Байланысты жаналықтар

Армения запретила показ передач Соловьева

29.03.2024

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

24.03.2024

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

23.03.2024

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

22.03.2024

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

22.03.2024

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр

22.03.2024
MalimBlocks
Армения запретила показ передач Соловьева

В Армении запретили трансляцию авторских передач «Вечер с Владимиром Соловьевым» и «Воскресный вечер с Владимиром Соловьевым» в мультиплексе телеканала «РТР-Планета», сообщает РБК со ссылкой на заместителя министра высокотехнологической промышленности республики Авета Погосяна.

Түркістан-Самарқан бағытында әуе рейсі ашылды

Наурызнама: Бүгін - Тазару күні

Туризм министрлігі мен Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы меморандумға қол қойды

Наурыз-2024: Астанада бір тоннадан астам палау әзірленді

Алматыда Наурыз мейрамы қалай өтіп жатыр