Ақтөбедегі митинг: Бір адамға бес полиция

Malim Админ

  • 07.06.2020

Ақтөбеде митинг болады деген "Өнер орталығының" алды таң атысымен қоршауға алынды. Осылайша Ақтөбе облысының Ондасын ОРАЗАЛИН бастаған шенділері митингіге осылай дайындалды. Бұл маңнан өткен кеткеннің бәрін, жас -кәрісіне қарамай генерал Атығай АРЫСТАНОВТЫҢ полицейлері қолдарынан қайырып тұрып автобустарға тиеп жіберіп отырды. Ақтөбеліктер жергілікті биліктің рұқсат алынған бейбіт шеруді өткізуге неліктен қарсы болғанын түсінбедік дейді.

«Митингке келген едік. Жан адам жоқ. Полицейлер қаптап жүр. Адамдардың бәрін алып кетіп жатыр. Біз осы жерге еліміздің болашағы үшін келдік. Халықтың жағдайы нашар. Соны билікке жеткізуге келдік», - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Гүлжамал БАЙЛИЕВА.

Қоғамдық тәртіпті бақылап әр метр сайын полицейлер, әкімдік қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік комитеті  тіпті теологтарға дейін жүрді.

«Біз осы жерде сіздерге сұқбат беріп тұрмыз. Бізді қазір бәрі бақылап тұр. Біз енді үйімізге жетеміз ба жоқ па оны бір құдай біледі. Үйде немерем жалғыз отыр. Билік халықты қорқытып болды. Енді өз пікірімізді де айта алмайтын болдық. Халықтың жағдайын дұрыстау керек», - дейді қала тұрғыны Нағашыбай Байлиев.

Митингке келген тұрғындар жердің сатылуына қарсы екендерін айтты. Олар биліктен тегін медициналық қызметті, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақыларын көтеруді, зейнет жасын қысқартуды, ипотека пайызын 5 пайызға дейін төмендетуді, мемлекеттік тілді дамытуды, орта және жоғары білімнің тегін болуын және зейнетақы мен шәкіртақыны көтеруді талап етті. Алайда, қалада шерушілерден гөрі полиция көп болды. Әуелі кейбір адамдар өздерін көшеде жай өтіп бара жатқанда ұстап алғанына шағымданып жатты.

Фото автордікі.

Жанаргүл ҒАФУҚЫЗЫ

Байланысты жаналықтар

Жұмысшылар митингі: Доллар өседі, айлық өспейді

12.03.2020

«Атып тастасаңдар да, көлік тіркейтін ақшам жоқ»

03.03.2020
MalimBlocks
Жұмысшылар митингі: Доллар өседі, айлық өспейді

«Атып тастасаңдар да, көлік тіркейтін ақшам жоқ»