Вирус: Ауру белгісі жоқ науқастар неге көбейіп жатыр?

Malim Админ

  • 08.06.2020

Өткен тәулікте коронавирус 478 адамнан анықталды. Оның 313-інде ауру белгілері жоқ, қалған 165 адамда ауру белгілері бар.

Денсаулық сақтау министрлігі 6 маусымнан бастап коронавирус анықталғандарды ауру белгілері бар және жоқ деп екі топқа бөліп, статистика жүргізе бастады.

Өткен тәулікте вирус жұқтырғандардың ішінде ауру белгісі бар ең көп жағдай Алматы (32), Нұр-Сұлтан (24) қалаларында тіркелсе, ауру белгісі жоқ ең көп жағдай бас қала (62), Шымкент (49) пен Алматы (40) қалаларынан анықталған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жалпы ауру белгілері жоқ тасымалдаушылар  саны – 1357.

Жалпы ел бойынша вирус жұқтырғандар саны 12 859 адамға жетті. 7376 адам емделіп шықты, ресми дерек бойынша, 56 адам көз жұмды.

"Аман-саулық" қоғамдық қорының төрайымы Бақыт ТҮМЕНОВА елде вирус анықталғандар саны көбейген сайын, ауру белгісі жоқ вирус жұқтырғандар саны да көбейе береді дейді. Б.Түменованың айтуынша, ұжымдық иммунитет осылай қалыптасады.

[caption id="attachment_4393" align="alignleft" width="300"] Бақыт Түменова. Фото: tengrinews.kz[/caption]

"Ауру белгілері жоқтар, аты айтып тұрғандай, өзінде клиника жоқ, жөтелі мен дене қызуы жоқ, аурудың ең жеңіл түрі. Бірақ олар вирусты басқаларға жұқтыруы мүмкін. Елде төтенше жағдайды алып тастап, карантинді қалдырғаны содан. "Маска тағыңыз, қол жуыңыз, карантин шараларын сақтаңыз" дегендегі мақсат та сол, қасыңыздағы адам ауру белгілері жоқ вирус жұқтырған болуы мүмкін. Одан сізге ауру жұғып кетпеуі үшін карантин шараларын сақтау керек", – дейді Бақыт Түменова Malim.kz сайтына берген сұхбатында.

"Вирус анықталғандардың 80 пайызы аурудың жеңіл түрімен ауырды, олардың арасында ауру белгісі жоқ адамдар болды. Эпидемия басталғанда әуелі клиникасы бар аурулар анықталады. Бірақ вирус жұқтырғандар көбейген сайын ауру белгілері жоқтардың саны арта түседі. Ұжымдық иммунитет осылай қалыптасады", – деді Б.Түменова.

 

 

Байланысты жаналықтар

Коронавирус: Қолыңды жумасаң, бәрі бекер

04.03.2020

Ағылшындар коронавируспен қалай алысып жатыр?

27.03.2020

Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек бермек

08.07.2020

Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?

19.03.2021

Демалыс күндері қай қалаларда карантин күшейтіледі?

18.06.2020

Коронавирустан тегін емдеген аурухана сотта жеңілді

09.11.2020
MalimBlocks
Коронавирус: Қолыңды жумасаң, бәрі бекер

Ағылшындар коронавируспен қалай алысып жатыр?

Ресей Қазақстанға гуманитарлық көмек бермек

Вирустың жаңа штамы: Ауырып шыққандар қайта жұқтыра ма?

Демалыс күндері қай қалаларда карантин күшейтіледі?

Коронавирустан тегін емдеген аурухана сотта жеңілді