COVID-19 вирусының неден тарағаны анықталды
АҚШ, Ұлыбритания, Франция және басқа елдердің ғалымдары COVID-19 вирусының неден тарағанына қатысты зерттеу жүргізген
Нәтижесінде, әлемді әбігерге салған індет Қытайдың Ухань қаласындағы теңіз өнімдерінен таралғаны анықталған.
Ғалымдар вирустың таралуының екі гипотетикалық нұсқасын ұсынды: жануарлардан адамдарға жұққан немесе адамдар оны базарға әкелген.
Еске салайық, коронавирус ауруының пандемиясы 2019 жылы, қараша айының ортасында орталық Қытайда басталды. Індет 230 елге жайылды, 705 млн адам ауырып, 7 млн-нан аса адам қаза жапты.
Денсаулық министрлігінің дерегінше, Қазақстанда вирустан 19 мың адам қаза тапқан. Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе егу 2021 жылдың 1 ақпанында басталды.
Әлемде COVID-19 вирусына байланысты пандемия 2020 жылдың 11 наурызында басталып, 3 жыл, 1 ай, 24 күнге созылды.
Фото: Pixabay
Әзірлеген - Айкөркем Сағат