ІІМ: Митингіде билік өкілдеріне күш қолданды

Malim Админ

  • 08.06.2020

Ішкі істер министрлігі 6 шілде күнгі митингіде қанша адам ұсталып, олардың қандай жаза алғандары туралы хабарлады.

Оқи отырыңыздар: Т. Рысқұлбеков: Мамай, төбелес керек болса, төбелесейік

Ресми ақпарат бойынша, 53 адам ұсталып, оның 8-і әкімшілік жазаға тартылған. Яғни біреуіне ескерту жасалса, 7-не айыппұл салыныпты. Екі адамға билік өкіліне күш қолданды деп сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кеткен.

Оқи отырыңыздар: Ақтөбедегі митинг: Бір адамға бес полиция

«Карантин режимін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ескертулерге қарамастан, 2020 жылдың 6 маусымында Қазақстанның кейбір қалаларында адамдар заңсыз митингілер өткізуге әрекет жасады. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері митингіге жиналған адамдарға олардың әрекеттерінің заңсыздығын түсіндірді. Алайда кейбір азаматтар заң талаптарын орындамады. Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдады. Карантиндік шектеулерді және заң талаптарын белсенді бұзушылар заңсыз әрекеттерін тыюдан бас тартқаннан кейін полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін, сондай-ақ құқықтық баға беру үшін полиция бөліміне жеткізілді», -деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметіндегілер.

6 шілде күні митинг Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қызылорда сынды қалаларда өтті. Мәлім кз сайты ол туралы материалдар жариялаған болатын. Митингіге Қазақстан демократиялық партиясын құру тобыны жетекшісі Жанболат МАМАЙ мен Қазақстанда тыйым салынған Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысының лидері Мұхтар ӘБЛЯЗОВ шақырған еді.

Оқи отырыңыздар: Қызылордадағы митингіде он шақты адам ұсталды

Фото: Мәлім кз

Байланысты жаналықтар

Біртановты сынаған дәрігерге митинг өткізуге рұқсат бермеді

23.06.2020

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

25.01.2021

Алматыда бейбіт жиын туралы заң талқыланды

17.02.2020

Қырғызстандағы митингіде 19 полиция жарақаттанған

03.03.2020

Айсұлтан Назарбаев: Адамдарды революцияға шақырғым келмейді

24.02.2020

Сот Әсия Төлесоваға қатысты шешім шығарды

10.06.2020
MalimBlocks
Біртановты сынаған дәрігерге митинг өткізуге рұқсат бермеді

Митинг түгілі "Қалаулымға" да шығармайды

Алматыда бейбіт жиын туралы заң талқыланды

Қырғызстандағы митингіде 19 полиция жарақаттанған

Айсұлтан Назарбаев: Адамдарды революцияға шақырғым келмейді

Сот Әсия Төлесоваға қатысты шешім шығарды