Түркияда Ыстамбұл мэрі ұсталғаннан кейінгі жаппай наразылық жалғасып жатыр

Арман Қайыпхан

  • 20.03.2025

Түркияның бірнеше қаласында мыңдаған адам Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглудың қамауға алынуына қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол – президент Режеп Тайып Ердоғанның басты саяси қарсыластарының бірі. Полиция наразыларға арнайы құралдар қолданғаны хабарланды.

Стамбулда митингілер қала әкімдігі ғимаратының алдында, Имамоглу тінтуден кейін жеткізілген полиция бөлімшесінің маңында, сондай-ақ мэр қамауға алынардан бір күн бұрын оның дипломын жойып, президенттікке түсу құқығынан айырған университет ғимаратының алдында өтіп жатыр.

Журналистердің мәліметінше, университет кампусына жиналған студенттерге қарсы да арнайы құралдар қолданылған.

Қала әкімдігі алдында жиналғандардың алдында оппозициялық Республикалық халық партиясының (РХП) жетекшісі Өзгүр Өзел сөз сөйледі. Оның партиясы алдағы сайлауда Имамоглуды президенттікке үміткер ретінде ұсынбақ болған. Өзел Ыстамбұл мэрінің қамауға алынуын "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" деп атады.

Ыстамбұл провинциясында губернатор басқармасы енгізген кез келген демонстрациялар мен митингілерге тыйым салу туралы бұйрық күшінде болғанына қарамастан, наразылықтар жалғасуда. Олар ел астанасы Анкара да қоса алғанда басқа қалаларда да өтуде.

Айта кетейік, 19 наурыз таңертең Түркия билігі оппозициялық Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглуды және оның командасының мүшелерін – кеңесшісі Мурат Онгун мен сайлауалды кампаниясының жетекшісі Неджати Өзканды – "пайда табу мақсатында қылмыстық ұйым құрды" деген айыппен қамауға алды. Сондай-ақ 100-ден астам адамды ұстау туралы ордер берілген. Түркияның Әділет министрлігі бұл істің саяси астары жоқ екенін мәлімдеді. Ал Имамоглу өзінің қудалануы халықтың еркіне жасалған соққы екенін айтып, халықты наразылыққа шығуға шақырды.

Имамоглу 2019 жылдың наурызынан бері Стамбул мэрі қызметін атқарып келеді. Егер Ердоған тағы да президенттікке үміткер болып түссе, ол оның басты қарсыласы болуы мүмкін. Имамоглу оппозициялық Республикалық халық партиясы (CHP) атынан праймеризге қатысқан жалғыз кандидат болған.

Фото: x.com/egitimsenusak

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025

Зеленский Анкараға жетті

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

Зеленский Анкараға жетті