ІІМ: 8 адам қаза болып, ондаған адам жараланды

Malim Админ

  • 08.02.2020

Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ айтуынша, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиға кезінде 8 адам қаза болып, ондаған адам жараланды. Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлімдеді.

"7 ақпан күні сағат 19.00-де Жамбыл облысы полиция департаментінің кезекші бөліміне Қордай ауданындағы Масанчи ауылының шетіне 70 адам жиналып, төбелес басталды деген ақпарат түсті. Оқиға орнына Қордай ауданы ішкі істер департаментінің қызметкерлері келіп жетті, ал "арандатушылар мен куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желі мен мессенджерлер арқылы азаматтарды заңсыз әрекетке шақырды. Бұл жанжалды ушықтырды, жаппай төбелеске қосылғандар көбейді. Нәтижесінде көршілес елдімекендердер тағы 300 адам келіп, төбелеске қосылды. Жаппай тәртіпсіздік кезінде ондаған адам жарақаттанып, 8 адам көз жұмды", – деді ішкі істер министрі.

Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, екі полицейге оқ тиіп, жараланған. 30-дан астам үй, 15 сауда нысаны қирап, 23 көлік бүлінген. "47 адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, екі аңшылық мылтығы тәркіленді. Қазір қылмыстық кодекстің 272-ші (жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру мен оған қатысу) бап пен 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды", – дейді Е.Тұрғымбаев.

Скриншот vlast.kz сайтынан алынды.

Байланысты жаналықтар

 «HoReCa Қазақстан» Алматыда балмұздаққа дегустация өткізді

25.01.2021

Депутат: Жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге пара бергізбек болды

15.05.2020

Киік қырғандар құрықталды

21.04.2020

Ақбұлақтағы атыс. Бес адамның өмірін қиған оқиғаға кім кінәлі?

21.09.2021

Ұлттық кеңестің отырысы өңірлерде де өту керек

17.02.2020

Шымкентте әлеуметтік жұмыс орындарын құру тоқтамайды

15.03.2021
MalimBlocks
 «HoReCa Қазақстан» Алматыда балмұздаққа дегустация өткізді

Депутат: Жемқорлыққа қарсы қызмет әкімге пара бергізбек болды

Киік қырғандар құрықталды

Ақбұлақтағы атыс. Бес адамның өмірін қиған оқиғаға кім кінәлі?

Ұлттық кеңестің отырысы өңірлерде де өту керек

Шымкентте әлеуметтік жұмыс орындарын құру тоқтамайды