Екпе егуді міндеттемейді

  • 11.06.2020
  • Malim Админ

Бүгін "Халық денсаулығы мен денсаулық жүйесі туралы" кодекске өзгертулер мен толықтыру енгізетін заң жобасын қараған сенат депутаттары кей баптарды түзету үшін оны мәжіліске қайтарды. Сенаторлар балаларға екпе егуді әр ата-ана өзі шешуі керек деп есептейді.

"Ата-аналардың міндетті екпеден бас тартуы мүмкін екенін ескеріп, ата-аналар бұл жайлы өз бетінше, саналы түрде шешім қабылдау құқығын мойындаймыз. Бұл үшін азаматтардың медициналық қызметке келісім беру немесе бас тарту құқығына "профилактикалық епке"  деген тіркесті қосуды ұсынамыз",  - деді сенатор Серік Бектұрғанов.

Сонымен қатар сенаторлар дәрігерлерді жауапкершілікке тартуға қатысты баптарға өзгеріс енгізілуі тиіс деп есептейді. Сенаторлар науқасты қарау мен емдеуден науқастың денсаулығына ауыр зардап келсе ғана дәрігерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынды. Ал егер клиникалық зерттеу, ауруды анықтау, емдеу мен реабилитациядан денсаулыққа ауыр зардап келмесе, онда медициналық қызметкерді әкімшілік жаупакершілікке тартуға болады деп есептейді.

"Сонымен қатар дәрігерге қарсы қылмыстық іс қозғау үшін шағымға өкілетті органның тексеру актілерін қоса тіркеу керек. Қазір заңда ондай талап жоқ, сондықтан шағым түссе болды, дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалады. Түрлі сараптама жасалып, куәгерлер мен айыпталушылардан жауап алынып, тергеу шаралары басталады. Алайда бұл дәрігердің жұмысына кедергі келтіріп, күмән тудырады. Ондай шағым негізінде қозғалған қылмыстық істердің көбі сотқа жетпей қалады", - дейді сенатор.

 

Байланысты жаналықтар

Дулат Ағаділдің асына бармақ болған белсенділерді жаппай қамап жатыр

05.08.2020

Екі айда 15 мың тұрғын үй беріліпті

17.03.2021

Тоқаев: Ауыл шаруашылығы министрі отставкаға кетуі керек

10.07.2021

Көш көлікті, «Еңбек» табысты болсын!

23.09.2020

Алматы облысында құлағалы тұрған мектепте балалар оқиды

08.07.2020

Бетперде тағу коронавирустық инфекцияның таралуын азайтады

05.11.2020