Ақжүрек Таңатаров сабырға шақырды

Malim Админ

  • 08.02.2020

Кешелі бері Қордай елінен тыныштық кетті. Ел іші әртүрлі пікірге толды. Осы оқиғаға байланысты балуан Ақжүрек Таңатаров пікір айтыпты.

«Жалпы, біздің халқымыз қонақжай. Баршамыздың бойымызда кеңшілікті, бауырмалдықты ту етіп ұстанатын мінезіміз бар. Қордай ауданының да тұрғындарын жақсы білемін, мұндайда жанжалға бара бермейтін адамдар. Өкінішке қарай, келеңсіз оқиға орын алыпты. «Жаман ұлт жоқ, жаман адамдар бар» дейді ғой, сол себепті сабырсыздық танытқан бір-екі адам үшін мұндай қайғылы жағдайға жол берілді. Осы орайда халқымызды, облыстың әрі ауданның тұрғындарын сабырлыққа шақырамын. Осындай дау-дамайға кіргізген адамдар өзінің жазасын алады деп ойлаймын. Президент тапсырмасы бойынша Үкімет комиссиясы құрылды ғой. Енді бұл бағытта тәртіпке салып, кім қандай жазаға тартылатынын құзыретті органдар өзінің бағасын береді деп ойлаймын. Кез келген бүлікті тоқтатуда ақсақалдарымыздың айтқан салмақты сөзі дұрыс болады деп ойлаймын. Біз үлкенге құрмет көрсетіп келе жатқан халықпыз ғой. Сол себепті ақсақалдарымыз шығып, сабырға шақырса, тиісті нәтиже болады деп пайымдаймын», - деген Ақжүрек Таңатаров ҚазАқпарат тілшісіне.

Байланысты жаналықтар

Қордайда ақсақалға қол көтерген әкелі-балалы Юнхуларға үкім шықты

30.04.2020

Үкімет комиссиясы Қордай ауданына барды

08.02.2020

Қордай оқиғасының шығыны – 1 миллиард 7 миллион теңге

11.02.2020

Асанәлі Әшімов: Жігіттер әлдебір топтың жетегінде кеткен екен

08.02.2020

Қордай оқиғасы: 14 адам адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр

10.02.2020

Қордай қақтығысы: Қираған үй жаңарды, ал көңілдегі жара жазылды ма?

24.04.2021
MalimBlocks