Қордай оқиғасы: 14 адам адам әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Қордайдағы қақтығыс салдарынан жарақат алғандардың ішінде 14 адамның денсаулық жағдайы әлі қиын. Олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров мәлімдеді.
Ол өзінің Facebоok парақшасында:
«Бүгінге дейін медициналық көмекке барлығы 170-тен астам адам жүгінді. Негізінен аса қауіпті емес жарақат алғандар мен зақымданғандар. Ауыр жарақат алғандар да бар, олар негізінен оқ тиіп жарланғандар», - деп жазды.
Қазірге дейін олардың кейбіріне бірнеше сатылы ота жасалған. Соған қарамастан денсаулық жағдайы ауыр 14 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Вице-министр олардың өмірі үшін білікті дәрігерлер күн демей, түн демей күресіп жатқанын айтады.
Айта кету керек, бұған дейін қайтыс болған 10 адамның екеуі ауруханада жан тапсырған. Министр орынбасарының дерегіне қарағанда, қазір барлығы 43 адам ауруханада жатыр. Олардың ең көбі Алматы қаласында – 25 адам, Қордайда – 13, Таразда – бір адам. Ал қалған 4 адам Қырғыз Республикасында.
Фото: 24.kz