Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды

  • 14.06.2020
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы министр Facebook әлеуметтік желіcіндегі парақшасында хабарлады. Министр жазбасында былай дейді:

"Достар, өздеріңізге жағымсыз жаңалық жеткізуіме тура келіп отыр. Коронавируске тапсырған соңғы тесттің нәтижесі нашар шықты, менен де ауру анықталды. Өкінішке қарай, мендегі симптомсыз форма емес, сондықтан жұқпалы аурулар ауруханасында жатырмын.

Санитарлық шараларды қатаң сақтағаныма қарамастан, бұл індет мені де айналып өтпеді.
Әсіресе, қашықтан, үйде отырып жұмыс істей алмайтын қызметкерлерге қиын. Соңғы күндері бірқатар өңірде, оның ішінде кәсіпкер, кәсіпорын, медицина мамандары, мемлекеттік, БАҚ қызметкерлері арасынан індет жұқтырғандар қатары артуда. Қазақстандағы жаһандық дағдарыс пен пандемия салдарынан пайда болған проблемаларды шешу үшін қазір көптеген азамат қарқынды жұмыс істеуде. Бізге жиі жеке кездесулерге баруға, аймақтарға іссапарға шығуға тура келеді, мұндай жағдайда, әрине, COVID-19 жұқтыру қаупі де жоғары.

Сондықтан, барша қазақстандықтан «жеке карантин» ережелерін қатаң сақтауды сұраймын. Достар, аурудың алдын алу шараларына мұқият мән беріңіздер.

ТАҒЫ ДА ҚАЙТАЛАЙМЫН:
1. Жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерлерде мүмкіндігінше арақашықтықты сақтаңыз;
2. Егер сіз офис қызметкері болсаңыз, мүмкіндігінше үйден жұмыс істеуге тырысыңыз.
3.Туыс, достармен онлайн, видео-қоңырау және өзге де жаңа технологиялардың көмегімен байланыс орнатыңыз;
4. Қоғамдық орындарда маска киіп жүріңіз;
5. Қолды кем дегенде 20 секун сабынмен жиі жуып, санитайзермен сүртіңіз;
6. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің температурасын жиі өлшеп тұрыңыз.

Егер бойыңыздан мынадай симптомдарды байқасаңыз: әлсіздік, басыңыз, тамағыңыз ауырса, дене қызуыңыз көтерілсе - дереу дәрігерге хабарласыңыз!

Абай болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық тілеймін!".

Байланысты жаналықтар

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды

17.02.2020

Елге көшіп келгендерден көшіп кеткендер көп (Инфографика)

23.02.2021

Абаев митингіге шыққандарды кім санайтынын білмейді

17.02.2020

Цойдың алдында тұрған төрт міндет

26.06.2020

Коронавирустан қайтыс болғандар 60-тан асты

10.06.2020

Бюджет жоспарлау цифрланбақ

29.04.2020