Сапарбаев пен Аймағамбетов – вирусқамақта

  • 15.06.2020
  • Malim Админ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына іссапармен  барған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен оларды алып жүрген Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирусқа тест тапсырды. Екеуінің де тест нәтижесі – теріс. Дегенмен коронавирус жұқтырған Елжан Біртановпен бірге жүрген шенеуніктер енді өздерін оқшаулап, қашықтан жұмыс істейді.

Бұған дейін Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына барған премьер-министр Асқар Мәминнің өзін-өзі оқшаулағаны хабарланған. Үкімет жетекшісі де коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс шықты.  Енді Асқар Мәмин де үйде отырып жұмыс істейді.

Елжан Біртанов, Асқар Мәмин мен білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Жамбыл облысына вакцина шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс жұмыстарын бастау үшін 12 маусым күні сапарлаған болатын.

Ал маусымның 11-і күні Елжан Біртанов сенатқа "Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасы мен ілеспе заңын таныстыруға барып, баяндама жасаған. Айтпақшы, сенат сайтында жарияланған суретте министр Біртановтың баяндаманы маска тақпай жасағаны көрінеді.  Министр баяндама жасап тұрғанда төрде отырған сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың да маска таққаны көрінбейді.

Біртановпен соңғы күндері араласқан тағы қандай шенеуніктер өздерін оқшаулап, үйден жұмыс істер екен?

Байланысты жаналықтар

«Únsіz qalma»: Оқушылар арасындағы шеттетудің алдын алу  

08.10.2020

Шенеунік 8 айда 80 миллион жымқырған

17.04.2020

«Ауыл» партиясы мен «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» қандай  меморандумға қол қойды?

26.08.2020

Цой отставка туралы сұраққа жауап берді

07.04.2021

Тағы да карантин жариялануы мүмкін

01.07.2020

Қазақстанда өтетін чемпионат Өзбекстанға ауыстырылды

18.02.2020