"Бергей билікке ЖСДП партиясын байлап берді"

  • 15.06.2020
  • Malim Админ

Алдағы парламенттің мәжіліс сайлауында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы оппозициялық партияның рөлін атқарады. Бұл туралы саяси ұйымның экс-төрағасы Ермұрат БАПИ фейсбук парақшасында жазды.

«Бергей үшін қоғам, ел, халық... деген ұғымдар ақшадан артық емес екеніне көзім жетті. Ол өз пайдасы үшін қоғам мүддесін емін-еркін айырбастап жүре береді. Сондықтан мұндай жұлымыр атжалман қоғамға қолғабыс жасайды деп, алданып қалуға болмайды.
Ал сот шешімімен Бергейдің бұғауланған активтерін қайтарып беру процессінің басталғаны - оның назарбаевтық режиммен ауызжаласқаны. Бүгінде Назарбаевтың нұсқауымен Берейдің активтерін қайтарып беру ісіне Карим Масимов бақылау жасауда. Қашқын әкім билікке ОСДП-ны байлап берді. Яғни Карим-аканың манипуляциясымен алдағы парламенттік сайлауда бұл партия оппозицияның рөлін атқарады. Өзінің жеке бас пайдасы үшін "КНБ"-ның қолтығына кірген адамнан халыққа қайыр жоқ», - дейді саясаткер Ермұрат Бапи.

Жуырда бас прокурор Ғиззат НҰРДӘУЛЕТОВ жоғарғы сотқа қашқындағы Атырау облысының экс-әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ пен оның бұрынғы депутат інісі Аманжан РЫСҚАЛИЕВТІҢ мүлкін тәркілеуге қатысты үкімді қайта қарау жөнінде кассациялық шағым түсірген.

Бұған дейін Рысқалиевтердің дүние-мүлкін тәркілеуге қатысты үкімді қайта қарау жөніндегі өтінішті олардың адвокаттары түсірген. Бас прокурордың шағымында «істі зерделеу барысында мүліктердің заңсыз тәркіленгені туралы өтініштерде көрсетілген дәлелдер расталды», – делінген. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ толығырақ жазған болатын.

ЖСДП 2006 жылы құрылып, 2007 жылы тіргеуден өткен еді. Саяси партияның негізін салу Жармахан ТҰЯҚБАЙ. 2009 жылы «Азат» демократиялық партиясымен бірікті. 2012 жылғы парламенттік сайлауға Тоқтар ӘУБӘКІРОВ, Болат ӘБІЛОВ, Балташ ТҰРСЫНБАЕВ, Жармахан ТҰЯҚБАЙ, Рысбек СӘРСНБАЙҰЛЫ, Ермұрат Бапи сынды белгілі саясаткерлер түскен еді.

2019 жылы 26 сәуірде  Жармахан ТҰЯҚБАЙ партияның кезекті съезінде төрағалықтан кетіп, орнына белгілі журналист, қоғам қайраткері Ермұрат Бапи сайланған. Және партия аты «Ақиқат» ЖСДП болып ауысты. Алайда, жарты жылдан кейін ЖСДП-ның 15 съезінде Е. Бапи орнынан кетіп, аты көпшілікке аса танысы емес Асхат РАХЫМЖАНОВ жаңа төраға болды. Сол кезде партия өкілдері Бапиға сенімсізідк білдіріп, қуғындағы саясаткерлер Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН мен Бергей РЫСҚАЛИЕВ кезедескенін сөккен еді.

Коллаж: МӘЛІМ КЗ

Байланысты жаналықтар

Мамин Сағынтаевқа аурухана сыйлады

01.10.2020

Храпуновтар АҚШ сотын алдап соққан

07.09.2020

Рысқалиевке адал еңбегімен тапқан дүние-мүлкі қайтарылыпты

08.09.2020

Армения-Әзербайжан шекарасында тағы қақтығыс болды

14.07.2021

Назарбаевты Ресей дәрігерлері аман алып қалыпты

30.06.2021

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

28.06.2021