Назарбаевтың інісі Самат Әбіш шартты түрде 8 жылға сотталды – Депутат

Бұл туралы Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Malim Админ

  • 20.03.2024

Депутат Ермұрат Бапи әлеуметтік желідегі парақшасында Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты сот үкімі шыққаны туралы жазба жариялады. 

«26 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды. «Оның генерал атағы мен мемлекеттік марапаттары алынды. Бірақ меншік-мүлкіне конфискация жасалмады», - делінген жазбада. 

Сондай-ақ, ол бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмағанын, мүдделі топ түрме жазасынан алып қалғанын айтады. 

«Бұған дейін Қазақстанда ешкім 8 жылға шартты түрде сотталмаған. Соған қарағанда мүдделі біреулер «8 жыл» деген едәуір жазамен қоғамды алдарқатып, ал шындығында Самат Әбішті түрме жазасынан алып қалған. Қаңтар оқиғасына бірден-бір кінәлі күштік құрылымның жоғары дәрежелі лауазымгері осылайша тиісті жазадан құтылды. Әлбетте, бұл «комедияның» басты режиссері Нұрсұлтан Назарбаев екені тайға таңба басқандай аян жағдай», - деді депутат жазбасында. 

Еске сала кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты Қаңтар оқиғасы кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен сотқа дейінгі тергеу басталғанын жазған едік. 2024 жылдың 15 қаңтарында Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді.

Сондай-ақ, оқыңыз: Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Таразда депутат соққыға жығылды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды