Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Саясат
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасары әрі Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгерген жоқ. Бұл жөнінде бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәжіліс кулуарында мәлімдеді.

– Ол қылмыстық іс бойынша бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ. Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде. Ешқандай бұлтару немесе жауап беруге келмеу сияқты фактілер болмаған себепті бұлтартпау шарасы өзгертілген жоқ, – дейді Өмірәлиев.

Бас прокуратура өкілі Самат Әбішке лауазымын асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, сол бойынша тергеліп жатырғанын айтты. Өмірәлиев журналистердің “тергеу барысында кетіп қала ма деп ойламайсыз ба?” деген сауалына “оған ешқандай негіз жоқ” деп жауап берді.

Қаңтар оқиғасы бойынша өткен сот отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтарда өзіне Самат Әбіш бұйрық  бергенін айтқан болатын.

Бұл мәлімдемеден соң, бас прокуратура Самат Әбіштің тергеліп жатқанын хабарлаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу