Самат Әбіш Қаңтар оқиғасы бойынша тергеліп жатыр

Айшолпан КЕРІМ

  • 22.06.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов Самат Әбіштен жауап алынып жатқанын айтты.

Әмірхановтың сөзінше, қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш жұмыста болған.

"Қазір Самат Әбіш те тергеуге алынды. Одан жауап алып жатыр. Ол күдікті ме, куәгер ме, статусын білмеймін", - деді Әмірханов.

Әмірханов Самат Әбіштің Қазақстанда екенін, алайда өзі оны көрмегенін айтты.

Еске салайық, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов  6 қаңтарда қызметінен босатылып,. 8 қаңтарда оның ұсталғаны белгілі болды. Онымен бірге екі орынбасары – Әнуар Садықұлов мен Дәулет Ерғожин да ұсталды.

Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш 17 қаңтарда қызметінен босатылды.

Күдіктілерге мемлекетке опасыздық жасау және билікті күшпен басып алуға немесе Қазақстанның конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған әрекеттерден басқа, "билікті немесе қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр. Сосын пара алу фактілері бойынша тергеу шаралары қолға алынды.

Байланысты жаналықтар

Жаңа энергетика министрі тағайындалды

19.03.2025

Күн сайын бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, біреу алаяққа жем болады – Ринат Зайытов

19.03.2025

Тоқаев премьер-министр Бектеновке бірқатар тапсырма берді

18.03.2025

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

18.03.2025

Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметке тағайындалды

18.03.2025

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

18.03.2025
MalimBlocks
Жаңа энергетика министрі тағайындалды

Ерлан Ақкенженов энергетика министрі болып тағайындалды

Күн сайын бір отбасы бұзылып, бір оқушы зәбір көріп, біреу алаяққа жем болады – Ринат Зайытов

Депутаттың айтуынша, бүгінгі қазақ қоғамы туғанға тасбауыр, жақынға жау, досына дұшпан болып кетті.

Тоқаев премьер-министр Бектеновке бірқатар тапсырма берді

Бектенов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады

Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тіледі.

Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметке тағайындалды

Алмасадам Сәтқалиев Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін энергетика министрі болған.

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды. Бұл туралы Ақордада мәлім болды