Қаңтар оқиғасы: ҰҚК экс-қызметкері Самат Әбіштен бұйрық алған
Жауаптардың құпия болуы Самат Әбішті жасырып қалу үшін жасалған
Алматыда Арман Жұмагелдиев, Қайрат Құдайберген, Руслан Ысқақов және қаңтарда тәртіпсіздік ұйымдастырды деген тағы 40 күдіктіге қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. Бұл туралы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап, Malim.kz хабарлайды.
Тыңдау барысында ҰҚК департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақов тәртіпсіздіктер кезінде Назарбаевтың жиені Самат Әбіштен бұйрық алғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, ол арман Жұмагелдиевті тұтқындау туралы нұсқау шетелден болғанын жайып салды. Бұл ретте ол нақты қай елден екенін нақтылаған жоқ.
Сондай-ақ, Ысқақов Самат Әбіштің қылмыстық істегі рөлін жасыру үшін берген айғақтарының құпия болғанын айтты.
«Олар Әбіштің бұйрығын орындағанымды айтпауым үшін осыған барып отыр», - дейді Руслан Ысқақов соттағы сөзінде.
Қаңтар бүлігі кезінде Алматының жедел штабын ҰҚК Алматы департаментін басқарған Нұрлан Мәжілов жетекшілік еткенін жеткізді. Ысқақовтың өзі сотқа ҰҚК Алматы департаментіндегі уақытша қамау изоляторынан ZOOM арқылы қатысты. Адвокаттары бұған дейін судьядан оны сот залына әкелуді талап еткен.
Самат Әбіш - Қаңтар оқиғасынан кейін, тіпті іске куәгер ретінде де тартылмаған ҰҚК-нің бұрынғы негізгі фигураларының бірі.
Естеріңізге сала кетейік, Жұмагелдиев 2022 жылдың 7 қаңтарында ұсталған. Оған атыс қаруын заңсыз сақтады және 2022 жылдың қаңтарында болған тәртіпсіздіктерге қатысты деген айып тағылған. Бас прокуратура Жұмагелдиевтің қарулы адамдары 24 бейбіт азаматты ұрлап, күштеп ұстады деп мәлімдеді.
Бұған дейін Жұмагелдиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына бейне үндеу жазып, өзінің қылмыстық ісін «объективті, айыптаусыз» тергеуді сұрады. Оның айтуынша, ол қаңтар оқиғаларының басқа қатысушылары сияқты рақымшылыққа лайық.
Маусым айында Жұмагелдиевтің азаптау ісінде жәбірленуші деп танылғаны мәлім болды. Сол айда оны ұстаудың жаңа кадрлары жарияланды. Құдайберген 2022 жылдың сәуір айында ұсталды.
Фото: Halyq uni