Барып тұрған арсыздық – Ермұрат Бапи Әлия Назарбаеваның кәсіпкермен арадағы дауы жайлы

Журналистер кулуарда депутаттан “Әлия Назарбаеваның Бимурзиннің өзін сотқа беруі қандай да бір сигналды білдіре ме?” деп сұраған.

Берік Дәулетов

  • 29.05.2024

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-президенттің қызы Әлия Назарбаеваның кәсіпкер Нұрлан Бимурзинмен дауы жайлы Мәжіліс кулуарында пікір білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Ulysmedia.kz жазды.

Сауалыма жалтарма жауап келді

Журналистер кулуарда депутаттан “Әлия Назарбаеваның Бимурзиннің өзін сотқа беруі қандай да бір сигналды білдіре ме?” деп сұраған.

Бұл “сасқан үйрек құйрығымен жүзеді” дегеннің кері. Бәрін өз көзіммен көрдім. Әлия Назарбаева қол қойған нотариалды құжаттардың түпнұсқасын көрдім. Өзі қол қойған келісімшартты, компанияны қолға алатыны жөнінде құрылтайшылық құжатты көрдім. Заңгер әйел Рогованың қол қойған құжаттарын да. Көк мөрі соғылып, қолы қойылған құжаттар ғой. Аспаннан келген жоқ. Біреу қолдан жасаған жоқ. Бірақ соның бәрі көре тұра, біле тұра, осындай қылмыс жасай отырып, меншігінен айырылып қалған адамдарды қасақана, құйтырқылықпен сотқа беру – барып тұрған арсыздық, – дейді Ермұрат Бапи.

“Прокуратура, сот жүйесі Әлия Назарбаеваның ығына жығылып кетпей ме?” деп те депутатқа сұрақ қойылған.

Қазірдің өзінде жығылып жатқан сыңайы бар ғой. Депутаттық сауал жолдадым. Жалтарма жауап келді. 160 млрд теңгелік капиталы бар бизнесінен айырылған жігіттер сотқа берді. Олар прокуратураға іс қозғау жөнінде арыз түсірді. Әлі ешқайсысына дұрыс жауап жоқ. Барлық жағында Әлия Назарбаева сүттен аз, судан таза, – дейді ол.

Бимурзиннің мәлімдемесі

Бұған дейін Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында бизнесмен Нұрлан Бимурзин мен қоғамдық өкіл Жарқын Күрентаев баспасөз мәслихатын өткізген еді. Бизнесмен 20 жыл бұрын активін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева тартып алғанын айтып, Бас прокуратураға арыз түсіргенін мәлімдеген. Қазір оның іс-материалдары Бас прокуратурасының активтерді қайтару жөніндегі комитетінің қарауында жатқаны сол тұста хабарланған еді. 

Бизнесмен өзінің сол кездегі активін 170 млн долларға бағалайды. Жеті мұнай базасы мен 96 жанар-жағармай құю бекеті болғанын айтады. Ол 2024 жылдың 19 ақпанында Бас прокуратураға арыз түсірген.

Назарбаеваның арызы

Осы ақпараттан кейін БАҚ-та Әлия Назарбаеваның Нұрлан Бимурзинге арыз жазғаны туралы ақпарат тараған. 

Коллаж: Ulysmedia.kz

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

Қызылорда облысында келін енесінің үстінен сотқа арызданды