Облыс әкімдігі Ұйғыр ауданындағы қақтығыс себебін түсіндірді

  • 17.06.2020
  • Malim Админ

Алматы облысына қарасты Ұйғыр ауданында болған жанжалға қатысты облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат ЖҮКЕЛ Мәлім. кз сайтының тілшісіне айтып берді.
«Дәл қазір Амандық БАТАЛОВТЫҢ төрағалығымен аудан орталығында жиналыс өтіп жатыр. Бұл жерге ел ағалары, ақсақалдар, жастар жиналған. Негізгі мәселе 16-сы күнгі орын алған оқиға. Және оның салдары. Барлық адам бұл қақтығыстың ешқандай ұлтаралық себептерден емес екенін алға тартты. Тәртіптсіздік болған. Қазір ауруханада жатқан азаматтардың өмірлеріне қауіп жоқ. Жағдайлары тұрақты. Дәрігерлердің бақылауында», - деді Ғалымұрат ЖҮКЕЛ.
Төбелес аудан орталығы Шонжы ауылының Шанхай шағынауданы мен Бахар ауылы жастарының арасында болған екен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бес адам пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.
«15 маусым күні сағат 23:46-да 5 адам пышақ жарақатымен Ұйғыр аудандық ауруханасына түскен. 1999 жылы туған екі азаматқа ота жасалды. 2 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді. 1 адам хирургия бөліміне жатқызылды. Қазіргі уақытта 3 адам аталған аурухананың хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайлары тұрақты», - деді облыстық Денсаулық басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім ӘУБӘКІРОВА отандық интернет басылымдардың біріне.
Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, жиналыс әлі өтіп жатыр. Онда көтерілген мәселелерге қатысты хаттама толтырылуда.
«Жиылған жұрт бұл мәселеге қатысты өздерінің наразылықтарын білдіріп, келесіде бұндай жағдайға жол бермеу керектігін айтты. Ақсақалдардың айтуынша, жастардың арасында іріткі салу деректері де жоқ емес. Өз кезегінде Алматы облысы әкімі Ұйғыр ауданы облыстағы экономикалық қарқыны дамып жатқан аймақтардың бірі екенін айтып өтіп, инвестициялық жобалардың іске асып жатқанын айтты. Ауданда атқарылып жатқан өзге де жұмыстарға тоқталды. Амандық Ғаббасұлы елдің татулығы, тыныштығы үшін бұндай мәселелерді тамырымен кесіп алып тастау керектігін айтып өтті. Бұнда көтерілген барлық мәселеге қатысты хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылданатын болады», - деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы МӘЛІМ. КЗ сайтының тілшісіне.
Жалпы, БАҚ-та Ұйғыр ауданындағы мәселелер оқтын-оқтын көтеріліп тұрады. Негізгі мәселелердің бірі - аудан атын ауыстыру.

Материалды көшіріп басуға болмайды.

Байланысты жаналықтар

Өтірікті шындық жеңген күн

03.03.2020

Көптеген айырбастау пунктері доллар сатуды тоқтатты

09.03.2020

Адам – «тірі тауар», бірнеше рет сатуға болады – Адам саудасы жайлы

04.05.2021

Шегіртке дауымен шенеунік сотталып кетті

17.05.2020

Құрылыстағы афера: әкімдік жобалаушыны, кәсіпкер әкімдікті сынайды

18.07.2020

Аймағамбетов: Олар оқу ақысын қымбаттатпақ...

22.07.2020