Ұйғырдағы наразылыққа депутат Кузиев жауап берді

Депутат «аудан атын өзгертуде халықтың талабын ескерген жөн» дейді

  • 21.09.2022

Malim.kz сайтына шыққан «Ұйғыр ауданы тұрғындары киіз үй тігіп, қарсылық көрсетпек» атты мақаладан кейін мәжіліс депутаты Зәкіржан Кузиев өз жауабын жазбаша түрде редакцияға жіберіпті.

Жоғарыда аты аталған мақалада Алматы облысы Ұйғыр ауданы Кепебұлақ ауылының тұрғындары Ұйғыр ауданының атын ауыстыруды талап еткені айтылған еді.  Біз осы талапқа қатысты Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, осы ассамблея атынан мәжіліс депутаты атанған  Зәкіржан Кузиевтен пікір сұраған едік. Бірақ, ол сол күні түстен кейін WhatsApp желісіне жіберген сұрақтарды оқығанымен қараңғы кешке дейін сан мәрте соққан телефонымызды көтермей қойған-ды. Депутаттан жауап болмағанын атап жазған мақаламыз әлеуметтік желіде вирустай тарап, әр топта қызу талқыланып, тоқтаусыз бөліске түскеннен кейін З.Кузиев үн қатуды жөн деп шешкен секілді.

Сонымен,  депутат былай дейді:

«Иә, екі күннен бері әлеуметтік желі және мессенджерлер арқылы тараған ауыл тұрғындарының үндеуін көріп шықтым. Бұл мәселе көптен бері қоғам назарында. Белсенділер Алматы облысы әкімінің деңгейінде де көтерген болатын. Алматы облысындағы Ұйғыр ауданының атын өзгертуге байланысты қандайда бір шешім қабылдауда халықтың талабын ескеру керек. Бірақ оның Қазақстан заңдары аясында өтуі тиіс процедуралары бар. Бұл сұрақ заң талаптары бойынша жергілікті тұрғындардың ұсынысы негізінде қоғамдық тыңдауға шығарылады. Ол жерде барлық тараптардың, белсенділердің және халықтың талап-тілектері ескерілгені маңызды. Одан кейін ономастика комиссиясы қарайды. Содан соң аудандық немесе облыстық мәслихат депутаттары күн тәртібіне шығарылып, дауысқа салынуы керек. Сосын үкіметке қаулы қабылдауға және Президентке жарлық шығаруға жолданады. Негізі бұл сұрақты қарапайым халық өзі де көтеріп, қоғам талқысына салып жатыр. Мемлекет азаматтарға кез-келген мәселеде ұлтқа, тапқа, әлеуметтік мәртебесіне немесе жынысына қарамай тең құқық қамтамасыз етуге міндетті. Кез-келген мәселе, соның ішінде жер-су атауларын өзгерту қоғамда пісіп-жетілгенде, өзінің оңтайлы шешімін табады деп ойлаймын. Мұны өмірдің өзі көрсетіп отыр».

Оқи отырыңыз: Экология министрлігі депутаттың дерегін «шындыққа жанастырмай» тастады

Депутаттың мына сөзі ерекше назар аудартады: «Мемлекет азаматтарға кез-келген мәселеде ұлтқа, тапқа, әлеуметтік мәртебесіне немесе жынысына қарамай тең құқық қамтамасыз етуге міндетті». Айтса айтқандай, аудан атын өзгерту керек деп жүргендер де унитарлы Қазақстанда қандай да бір ұлт атауымен аудан аты аталмауы керек деп жүр.

Сондай-ақ, депутат бір сөзінде «ол жерде барлық тараптардың, белсенділердің және халықтың талап-тілектері ескерілгені маңызды» дейді.  Алайда, депутатың бұл айтқаны іс жүзінде орындала бермейтіндей. Неге десеңіз, Ұйғыр ауданы атауын өзгертуді ұзақ жылдан бері талап етіп келе жатқан  зиялы қауым өкілдері, жергілікті халық билік өкілдері мен депутаттар өздерінің тілектеріне құлақ аспайтынын айтып жүр.  

Ал осы аудандағы ұйғыр ұлысының өкілдері осы талаптарға қарсылық, наразылық білдірген емес. Ассамблея мүшесі Зәкіржан Кузиев Ұйғыр ауданы атауын ауыстыруды не қолдаймын, не қолдамаймын деп ашық айтпайды. Есесіне, процедуралық амалдарды алға салады.

Оқи отырыңыз: Ұйғыр ауданы тұрғындары киіз үй тігіп, қарсылық көрсетпек

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

26.04.2024

Ауыс-түйіс: Босаған 13 сенатордың 4-уі қайта оралды

24.01.2023

Ұйғыр ауданы тұрғындары киіз үй тігіп, қарсылық көрсетпек

19.09.2022

Экология министрлігі депутаттың дерегін «шындыққа жанастырмай» тастады

11.08.2022

Депутат Кузиевтің өкілі журналистерді бопсалаушы деп айыптады

05.07.2022

Назарбаевадан басқаны тыңдамайтын су жаңа депутат

28.04.2022
MalimBlocks
Алматы облысында ұлтаралық араздық қоздырған әйел сотталды

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ауыс-түйіс: Босаған 13 сенатордың 4-уі қайта оралды

Мемлекет басшысы бүгін 13 сенатордың өкілеттілігін тоқтатты.

Ұйғыр ауданы тұрғындары киіз үй тігіп, қарсылық көрсетпек

Алматы облысында Ұйғыр атауына қатысты мәселе қайтадан көтерілді.

Экология министрлігі депутаттың дерегін «шындыққа жанастырмай» тастады

Депутат Закиржан Кузиев депутат басымен "шындыққа жанаспайтын" ақпарат таратып, онсыз да сіркесі су көтермей тұрған қоғамның ашуын қоздырған болып тұр.

Депутат Кузиевтің өкілі журналистерді бопсалаушы деп айыптады

Депутаттың көмекшісі: Мынау өрескел қателік. Астана деген қала жоқ.

Назарбаевадан басқаны тыңдамайтын су жаңа депутат

Бүгін таңертең президент жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясындағы қызметінен кеткен Закиржан Кузиев кешке мәжіліс депутаты болып сайланды. Дауыс беру процесіне президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты.