Аудан аты өзгермесе, кез келген мәселе ұлтаралық қақтығысқа айналады

Олжас Қасым

  • 17.06.2020

Ұлтаралық мәселерге қатысты қоғамдық комиссиялардың мүшесі болған, саясаттанушы Дос КӨШІМ Ұйғыр ауданында болған оқиғаға қатысты МӘЛІМ КЗ сайтына пікір білдірді.

«Ел ішіндегі тыныштықты сақтау үшін тырнақшаның ішіндегі қызыл шүберекті алып тастау керек. Бұқа қызылды көрсе жүгіреді ғой. Сондай қызыл шүберектің көзін құрту керек. Қызыл шүберек дегеніміз не? Ол -Ұйғыр ауданы, Павлодар, Петропавл деген атаулар. Осындай атаулар кез-келген мәселені ұлтаралық қақтығысқа айналдырып жібереді. Мәселен бір төбелес болды делік. Оның астарында ұлтаралық қақтығыс болмауы да мүмкін. Бірақ мен айтқан қызыл шүберек барда тәртіпсіздік, қылмыстық әрекет, ұлтаралық қақтығыс болып қабылдана береді», - деді Дос Көшім.

Қоғам қайраткері 2008 жылы Малыбайда Айдын ХАЛЫҚОВ есімді азаматтың өлімі кезінде де осы мәселе жергілікті билік және президент әкімшілігі басшыларына дейін айтылған дейді.

«Сол кезде Алматы облысы басшылығы Ұйғыр ауданын Орбұлақ, Шонжыны Шарын деп ауыстырамыз деген еді. Он жыл бұрынғы статистикада ұйғырлардың 7 пайызы ғана балаларын қазақ мектептеріне беретіні көрсетілген. 57 пайызы ұл-қыздарын орыс сыныптарында оқытатын болып шыққан. Қазір қандай екенін білмеймін. Олар отарлаушы ұлттың көзқарасында. Мен белгілі дәрежеде КСРО кезінде «аға ұлт» болған славяндарды түсінемін. Алайда, өзімізбен бірге өмір сүріп келе жатқан бауырлас түркі халықтары неге азаттығымызды мойындағысы келмейді. Неге осы мемлекетпен болашақтарын байланыстырмайды. Мен оларды осы тұрғыда түсінбеймін. Бізде Қазақстан қазақ мемлекеті екенін түсіндіретін идеология жоқ. Соның салдарынан бір-біріне ренішті топтар пайда болды», - дейді Дос Көшім.

Саясаттанушы әрбір қазақтың көкейінде «тәуелсіздік бізге не берді?» деген сұрақ барын айтады.

«Қазақ өз жерінде өзін екінші сортты сезінеді. Ұлттық құндылықтар орнына келмегендіктен ұлтаралық мәселеге бұрыла береміз. Ұлттық құндылықтардың тірілмей тұрғанына өзгелер кінәлі сияқты боп көрінеді», - дейді саясаттанушы.

Естеріңізге сала кетейік, 15 маусым күні Ұйғыр ауданы орталығы Шонжы ауылының Шанхай шағынауданы мен Бахар ауылы жастарының арасында төбелес болды. Бес адам пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі адамға ота жасалғанын және барлығының да өміріне қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Ал облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалмұрат ЖҮКЕЛ «бұл жерде ешқандай да ұлтаралық қақтығыс жоқ» деген еді МӘЛІМ КЗ тілшісіне.

Фото: tengrinews.kz

РЕДАКЦИЯНЫҢ РҰСАТЫНСЫЗ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

 

Байланысты жаналықтар

«Әшімбаев спикер болғаннан ешнәрсе өзгермейді»

04.05.2020

Облыс әкімдігі Ұйғыр ауданындағы қақтығыс себебін түсіндірді

17.06.2020

Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

24.12.2020

Дос Көшім: Президент сайлауына түсуім мүмкін

16.05.2022

Бұлаққа талас: қырғыз бен өзбек қақтығысып жатыр

01.06.2020

Ресей БҰҰ мүшелігінен шыға ма? Сарапшылар жауап берді

07.04.2022
MalimBlocks
«Әшімбаев спикер болғаннан ешнәрсе өзгермейді»

Облыс әкімдігі Ұйғыр ауданындағы қақтығыс себебін түсіндірді

Дос Көшім: Қазақ жерін өзінен басқа ешкім қорғамайды

Дос Көшім: Президент сайлауына түсуім мүмкін

Мен «Аманатты» саяси партия деп есептемеймін, ол билікті алған адамдардың тобын ұстап тұру үшін партияның атымен құрылған «комфортный» ұйым.

Бұлаққа талас: қырғыз бен өзбек қақтығысып жатыр

Ресей БҰҰ мүшелігінен шыға ма? Сарапшылар жауап берді

Қазақстан Ресейді БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі мүшелігінен шығаруды қолдамайды