Демалыс күндері қай қалаларда карантин күшейтіледі?

Malim Админ

  • 18.06.2020

Соңғы уақыттарда елімізде эпиджағдай ушығып кетті. Күн сайын мыңға жуық адамнан коронавирус анықталып жатыр. Жалпы елімізде бұл дертке шалдыққандардың саны 15877-ге жетті. Қайтыс болғандардың саны бүгін жүзден асты. Осыған байланысты Үкімет шешімімен 20-21 маусым күндері Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалаларында карантин шаралары күшейтіледі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фейсбук парақшасында: «Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері ірі сауда және қызмет көрсету нысандарының, қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады. Бұған қоса саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар жабылады.

Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту – COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал. Қауіпі дендеп бара жатқан мына ауруды тұншықтыру өзімізге байланысты екенін естен шығармайық», – деп хабарлады.

Бұл талап аталған қалалардың бәріне ортақ.

Фотоколлаж: inform.kz

Байланысты жаналықтар

Мамин Есімовті қызметінен босатты

29.03.2021

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

16.04.2020

Төрт жыл бұрын бүкіл қазақ сілкінді

24.04.2020

"Қызыл аймақтағы" Алматы: "70 науқасқа 1 дәрігер. Барлығы шаршаған"

13.04.2021

Мемлекет спорт кешендерін ұстай алмай отыр ма?

15.05.2020

Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы 8 жылға сотталуы мүмкін

24.09.2020
MalimBlocks
Мамин Есімовті қызметінен босатты

Карантин уақытында заңсыз балық аулаушылар көбейіп кеткен

Төрт жыл бұрын бүкіл қазақ сілкінді

"Қызыл аймақтағы" Алматы: "70 науқасқа 1 дәрігер. Барлығы шаршаған"

Мемлекет спорт кешендерін ұстай алмай отыр ма?

Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы 8 жылға сотталуы мүмкін