Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Павлодарда із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзеннен табылды

Оқиға
Павлодарда із-түзсіз жоғалған ер адамның мәйіті өзеннен табылды

21 жастағы Александр Олехнович 10 қыркүйекте жоғалып кеткен еді. Бірнеше күн бойы оны полиция қызметкерлері, туыстары мен еріктілер іздеді, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Еріктілердің мәліметінше, Александр 10 қыркүйек күні кешкі сағат 11 шамасында Машһүр Жүсіп көшесі, 386 мекенжайынан шығып кеткен. Одан кейін оны ешкім көрмеген. Кейін бейнебақылау камералары арқылы оның шаңғы базасының жанынан өтіп, орман алқабы бағытына бет алғаны анықталды.

Бірнеше күнге созылған іздеу шараларынан кейін, еріктілер бүгін Александрдың қайтыс болғанын хабарлады. Бұл ақпаратты Павлодар облысы ТЖД растады.

– 15 қыркүйекте Павлодарда іздестіру іс-шаралары барысында өзен портындағы аумақта Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары Ертіс өзенінен ер адамның денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол 2003 жылы туған, 10 қыркүйекте жоғалған жас жігіт, – делінген Павлодар облысы ТЖД хабарламасында.

Іздеу жұмыстары кезінде эхолот сияқты арнайы жабдық пайдаланылғаны айтылды. Марқұмның денесі судан шығарылып, полицияға тапсырылды.

Фото: instagram.com/poiskoviki_pavlodara_vita

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу