Танымал жас актер Жасұлан Әйтеннің отбасында орны толмас қайғы болды – өнер иесінің әкесі өмірден өтті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Актердің әріптестері мен жанкүйерлері оған жылы лебіздерін арнап, қайғысына ортақтасып жатыр.
Танымал продюсер Гүлнұр Мамасарипова Instagram парақшасында актер туралы жүрекжарды жазба қалдырды. Продюсердің айтуынша, актер Жасұлан Әйтен әкесінің өмірден өткенін түсірілімнің соңғы күні естіген. Бірақ бұл туралы өзге әріптестеріне тіс жармаған екен.
Көпшілік жас актердің отбасына көңіл айтып, сабыр тіледі.
"Әкеңнің жаны жәннатта болсын", "Иманы жолдас болсын", "Жақсы әкенің артында жақсы ұл қалды", "Жаны жәннатта болсын, сабыр берсін", – деп жазды желі қолданушылары.