freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жалғыз пингвин қалай трендке айналды? Видео 20 жыл бұрын түсірілгенін білесіз бе?

кино
Жалғыз пингвин қалай трендке айналды? Видео 20 жыл бұрын түсірілгенін білесіз бе?
pikabu.ru

Немістің әйгілі кинорежиссері Вернер Херцогтың «Жер шетіндегі кездесулер» фильмі 2009 жылы Оскардың үздік деректі фильмі атанды.  Басқа жер мен Антарктидада тіршілік ететін адамдардың болмысын ашу бағытында таспаланған кадрда пингвиндер тобыры бар.

Алайда олардың арасындағы оқшауланған құс ғалымдарды таңқалдырған. Себебі тобынан бөлініп бірнеше шақырым алысқа кеткен балпанақтың әрекеті табиғаттың тағы бір құпиясын ашты.

Ғалымдардың зерттеуінше, ауру жұқтырған немесе  қатты әлсіреген пингвиндер кейде тобынан өз еркімен ажырайды екен. Сол арқылы басқаларына  қауіп төндірмеуді ойлайды.  Осылайша өлімтігін көрсетпеуге бекінеді.

Әлеуметтік желі  «пингвин сынды жалғыз қалдым», «пингвин секілді арманыма жалғыз жетемін» деген жазбаларға толды. Трендке айналды. Яғни әр адам өзінше ой қорытып жатыр.  

Біздің алдымыздан секунд сайын шығатын Антарктида тұрғынының қысқа видеосы,  20 жыл бұрын шыққан әйгілі деректі фильмнің эпизоды. Пингвиндердің өзгеше болмысы. Көрерменнің басым бөлігі одан бір  құндылық тапқандай.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу