Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

“Батырмын” деп видео түсірген ер адам 15 тәулікке сотталды

Қоғам
“Батырмын” деп видео түсірген ер адам 15 тәулікке сотталды
Фото: видедодан скрин

Полиция әлеуметтік желілерді мониторингтеу кезінде реалити-жоба мен әуесқой жекпе-жектің қатысушысы агрессия көрсетіп, балағат сөздер айтып, өзін “күшті әрі батыл” етіп көрсеткен видеосын анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тәртіп бұзушы жедел анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Тергеу барысында ол видеоны тек қаралым мен лайк жинау мақсатында түсіргенін, ал кадрлардағы әрекеттер қойылым болғанын мойындады.

Сот шешімімен ер адамға “ұсақ бұзақылық” бабы бойынша 15 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

ІІМ мұндай агрессия мен дөрекілікті насихаттайтын “қойылымдарға” жол берілмейтінін ескертті. Ведомствоның мәліметінше, интернеттегі қатыгездік пен әдепсіз мінез-құлық арқылы танымал болуға тырысатын барлық жағдайлар анықталып, заң аясында жауапқа тартылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу