Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Себебін білмей, артық сөкпеңдер": Махмұдтың қалыңдығы ел естімеген шындықты айтты

Спорт
"Себебін білмей, артық сөкпеңдер": Махмұдтың қалыңдығы ел естімеген шындықты айтты
sportinside.kz коллажы

Әлеуметтік желіде екі дүркін әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Махмұд Сабырханның екінші рет шаңырақ көтергені жайлы ақпарат тарағаннан кейін, көпшіліктің назары оның қалыңдығы Айғаным Ержігітоваға ауды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің жазуынша, Айғаным өз парақшасында боксшының үйлену тойынан бейнежазбалар жариялап, жұрт арасында кең талқыланған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ол желідегі қауесеттер мен теріс пікірлерге сабырмен жауап берді.

“Барлығын көріп, біліп отырсыздар. Әр нәрсенің өз себебі бар. Себебін білмей, артық сөге көрмеңіздер. Бір күні бәрінің жауабы табылады. Өткен өмір артта қалды – біз жаңа өмір бастадық. Алдағы күнмен ғана өмір сүреміз. Ешкімнің сөзі маңызды емес”, – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Махмұд Сабырхан – Қазақстанның ең талантты жас боксшыларының бірі. Ол 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионы атанып, Париж Олимпиадасында 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу