Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰҚК шекарашылары 4 мыңнан астам шетел азаматын ұстады

Қоғам
ҰҚК шекарашылары 4 мыңнан астам шетел азаматын ұстады
Фото: gov.kz

Қазан айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мемлекеттік шекараны қорғау және күзету барысында 4 743 заң бұзушыны анықтады, олардың 4 077-сі – шетел азаматтары, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомство мәліметінше, бір ай ішінде тауар мен жүктің заңсыз өткізілуінің 1 708 дерегі тіркелді. Оның ішінде:

қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қатысты – 75 дерек (оның ішінде 2 жауынгерлік, 3 травматикалық, 258 суық қару және 2 800 атыс қаруына арналған бөлшек);

жанар-жағармай өнімдері – 531 дерек, жалпы құны 14 млн теңгеден аса;

тұтыну тауарлары – 867 дерек, 4,2 млрд теңгеден астам сомаға;

валюта заңсыз әкету немесе әкелу фактілері – 235 дерек, 2,5 млрд теңгеден көп сомаға.

Сонымен қатар, Каспий теңізінде браконьерліктің 106 фактісі тоқтатылып, 24 қайық, 136 шақырымнан астам тор, 2,9 тоннаға жуық бекіре тұқымдас балық және «Қызыл кітапқа» енген төрт итбалық тәркіленді. Залал көлемі 1,1 млрд теңгеден асты.

Барлық материалдар құқық қорғау және сот органдарына жолданды. КНБ мәліметінше, шекарада ешқандай шектеу шаралары енгізілмеген. Дегенмен, «Сырым», «Әлімбет» және «Қосақ» өткізу бекеттерінде реконструкция жұмыстары жүріп жатқандықтан, өткізу уақыты ұзара түсуі мүмкін. Басқа бекеттер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу