Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Энергетика министрлігі жанармай шағымдарына байланысты жедел желі ашты

Қоғам
Энергетика министрлігі жанармай шағымдарына байланысты жедел желі ашты
Фото: gov.kz

Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің негізсіз қымбаттауына және сұйытылған мұнай газының (автогаздың) қолжетімсіздігіне қатысты азаматтардың шағымдарын қабылдайтын тәулік бойғы жедел желі ашты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бензин мен дизель отыны бағасына қойылған мораторийді бұзу, сондай-ақ жанармай тапшылығын қолдан жасау әрекеттері бойынша өтініштер тіркеліп жатыр. Министрлік Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және өңірлік штабтармен бірлесіп, алыпсатарлық пен жасанды тапшылыққа жол бермеуге ниетті.

Энергетика министрлігі барлық өңірлерге қажетті отын көлемі жеткізілгенін және мұнай базаларында жеткілікті қор барын мәлімдеді. Сұйытылған газ бойынша кейбір зауыттардағы жоспарлы жөндеу жұмыстары алдын ала ескеріліп, жоғары сұраныс байқалған өңірлерге қосымша көлем бөлінген. Газ бекеттеріндегі кезектер жүйелі тапшылықпен емес, логистика мәселелерімен байланысты деп түсіндірілді.

Азаматтар АИ-92 бензинінің қымбаттауы немесе отынның болмауы фактілері бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін +7 701 855 02 48 нөміріне хабарласа алады. Барлық өтініштер тексеріліп, расталған жағдайда жауапты тұлғаларға шара қолданылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу